Қайраткер атына көше берілуі мүмкін

Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласының құрметті 9 азаматынан Қостанай қалаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов атына беру жөнінде өтініш келіп түсті. Бұл туралы "Біздің Қостанай" газетінің тілшісі жазады.Без названия
Бұл ұсынысқа 400-ге жуық белсенді топ өкілі қолдау білдірген. Оның ішінде №15 мектеп ұжымы және Орал Байғонысұлы 1964-67 жылдары білім алған қазіргі Қостанайдағы Жоғары экономикалық колледж ұжымы мен студенттері бар.
Қалалық мәслихаттың хабарлауынша, өтінішке сәйкес, 2019 жылдың 5 қарашасында Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өткен. Тұрақты комиссия отырысында Қостанайдағы Василий Чекмарев көшесіне Орал Мұхамеджанов атын беру бойынша қоғамдық тыңдау өткізу мәселесі қаралып, шараның нақты мерзімі белгіленді. 
Сонымен, көше атауын беру мәселесі осы жылдың 14 қарашасында сағат 10:00-де Пушкин көшесі, 98 мекенжайында орналасқан шағын мәжіліс залында Қостанай қалалық мәслихатының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтеді.
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болған. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және көптеген медальмен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓