Автобус үйге соғылды

Қостанай облысының Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz сайтына сілтеме жасап.OqIJkZ1u0i0
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс орталығының іргесіндегі ауылда жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл көлігі соқтығысты. Кейін автобус тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, үйдің өзіне соғылған.
Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жеңіл автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған.
«Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған, орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Оны қарау кезінде демі үзіліп, жүрегі тоқтады. Жарақаты тым ауыр болды», – деді басқармадан.
Ал 42 жастағы автобус жүргізушісіне «қабырғаларының жабық сынығы, денесінің соғылуы» диагнозы қойылды.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓