Лайықты деп танылғандар…

Қостанай балалар шығармашылығы үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «ҮЕҰ облыстық қор орталығы қызметін ұйымдастыру» №1 лотын жүзеге асыру шеңберінде «ГрИн» Қостанай облысы Азаматтық Альянсы»ҚҚ  облысымыздың әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың жетістіктерін насихаттау, жылдың үздік ҮЕҰ анықтау аясындағы  байқау  жеңімпаздарын анықтап, марапат рәсімін өткізді.
ezRO9PKJdk0Мамандардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты- өңірдегі ҮЕҰ-ның кәсіптік және шығармашылық өсуіне қызығушылық жасау, әлеуметтік сауалдарды шешуде азаматтық қоғам институттарының қоғамдық белсенділік деңгейін көтеру, беделін қалыптастыру, әлеуметтік мәселелерді шешуде ҮЕҰ, zEf5D9ZrSnsмемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру болып табылады. Байқауға елу өтінім түскен-ді. Жеңімпаздарды сегіз номинация  бойынша анықтады. Жеңімпаздардың қатарында  Рудный қаласындағы  мүгедектердің ерікті  қоғамы, арқалықтық «Іскер жастар кеңесі» ұйымы,  Қостанай ауданындағы  «Олимп» қоғамдық бірлестігі «Естелік вахтасы» жобасы үшін, оралмандармен белсенді жұмыс атқарғаны үшін рудныйлық  «Жаңа өмір» орталығы болды. Сол секілді   облыстағы  балалар мен жастар ұйымдарының қауымдастығы салауатты өмір салтын насихаттау барысында белсенді  жұмыстары үшін үздіктер қатарында болды.  «Студент-мүгедектер үшін қолжетімді білім беру», «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестіктері отбасыға қолдау көрсету, мүгедектерді жұмысқа орналастыру  жөніндегі жобаларымен жеңімпаз атанды.  Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлыққа ие болды. 
 
Гүлназым Сағитова
Суретті түсірген Евгения Ермакова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓