Ұзынкөлде “Жолдағы қабылдау” өтті

"Жолдағы қабылдау" акциясын ОІІД әкімшілік полициясы басқармасы қызметкерлері "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалымен бірлесіп  Қостанай қаласы–Ұзынкөл ауданы бағытында өткізді.
жолЖыл басынан бері аудан  аумағында 6 жол-көлік апаты тіркелді, онда  9 адам жарақат алып, 3 адам қаза тапты. Аудан орталығындағы кездесуге селолық округтерден 200-дей адам жиналды. ОІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары полковник А.Наратауов жолдардағы жағдай туралы айтып, ұзынкөл-діктердің сұрақтарына жауап берді. Әкімшілік полициясы басқармасының бөлім бастығы В.Штер әкімшілік заңнамадағы өзгерістерге қатысты түсінік берді. Іс-шараның соңында ауданның он үздік жүргізушісіне ОІІД басшылығының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Акцияға қатысушылар жол-патруль полициясының қызметі туралы қоғамдық пікір мониторингін өткізді. Аудан тұрғындары тәртіп сақшыларының жұмысына оң баға берді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓