Абай портреті салынды
Қостанайдағы көпқабатты үйлердің біріне Абай Құнанбаевтың портреті салынды.Жақын күндері қаладағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың бейнесі граффити техникасымен салынды. Қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімінің басшысы Алексей Тарасовтың сөзінше, ақынның кітап ұстап тұрған бейнесін алматылық суретшілер кескіндеген. Бұл жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мейірімділік» қоғамдық қоры жүзеге асырды.
Айта кетейік, осыған ұқсас жобалар Алматы, Астана, Петропавл қалаларында да қолға алынған болатын.