Еріктілер қызметі – ерекше қайырымдылық

ҚР аймағында 287 волонтерлік ұйым қызмет етеді. Олардың көбісі әлеуметтік салада және этно-еріктілік бағыттарында жұмыс атқарады. Олардың ішінде белгілісі  «Ұлттық волонтерлік жүйесі», «Қазақстанның қызыл айы», Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасы, «Клуб 28 петель», «Клуб добряков», Rina.kz және «Лидер» т.б. Жыл басынан бері үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 68 жоба іске асырған. Осы және туралы Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдары қауымдастығының төрайымы Татьяна Антонинова мәлімет берді.IMG_0712
-Сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтарында волонтерлік қызметтік қолдаудың 17 орталығы ашылды. 5 мың адамды қамтитын волонтерлік қызметті зерттеу басталды. Қызметтес ұйымдармен өзара іс-әрекетті дамыту мақсатымен qazvolunteer.kz онлайн-платформасы жасалып, еріктілер мен ұйымдардың қызметін реттеуге, волонтерлік жобаларды  (бағдарламаларды), акцияларды ақпараттық сүйемелдеуге мүмкіндік ашты, – деді Т.Антонинова.
Қыркүйек айында «Әлеуметтік студенттік кредит» атты модуль енгізіліп, ЖОО студенттерін қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкіндік ашылған (жылдың аяғына дейін 8 мың студент тіркеуден өтеді).  ҚР аймақтарында волонтерлік қызметті дамыту үшін  1 млн теңгеден 17 грант бөлініп отыр. Республиканың үздік волонтерлерінің жұмысы жайлы арнай жинақ жасалуда. Оның ішіне мемлекеттік, жеке, және бизнес сектордың мысалдары енеді. «Еріктілер жылы» волонтерлер форумында 11-12 желтоқсан күндері бастау алмақ. 
-Қазақстан мен Ресейдің Жастар форумы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлікті қолдау жылы» деп жариялауды ұсынды. Волонтерлік ұйымдар үшін бұл үлкен абырой мен жауапкершілік. Ерікті болу – шынайы патриотизмнің белгісі, себебі еріктілерді ел игілігі үшін қызмет етуге адамгершілік сезімі жетелейді, сондықтан алдымызда үлкен мақсаттар тұр, – дейді қауымдастық төрайымы.
Еріктілер 2016 жылдың желтоқсанында қабылданған «Еріктілік қызметі туралы» ҚР заңын аяғына дейін жеткізу және 2018-2020 жылдары волонтерлік қызметті дамыту жол картасын енгізуді ұсынуда.
Қауымдастық төрайымының айтуынша, өткізіп жатқан бастамалардың мақсаты бір – қиналғандарға демеу болу. Білгеніміздей, ондағылардың басым бөлігін жасы 29-ға толмаған қыз-жігіттер құрайды екен. Қостанайда бірнеше еріктілер клубы бар. Мұндай топтар мыңнан астам белсенді жастың басын біріктіріп отыр. Бұл волонтерлік ұйымдардың негізгі бағыты – қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік жобаларға  атсалысу.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓