“Мен тәуелсіз елдің құрдасымын”

NazigulОсыдан 23 жыл бұрын еліміз азаттығының таңы арайлап атқанда дүние есігін ашқандардың бірі – Нәзігүл Ашкенова. Ол бүгінде іс-қағаз жүргізушісі. Тәуелсіздік мерекесін құрдасым деп білетін ол өмірдің мұндай сәйкестігін жақсылыққа балап, үнемі мақтан етіп жүреді.
– 1991 жылдың 8 желтоқсанында дүниеге келгенмін. Өзімді тәуелсіздік күнімен "түйдей құрдаспын" деп айтуыма да болады. Адам баласының дүниеге келуі тылсым құбылыс. Сондықтан мен дәл 1991 жылы желтоқсан айында дүние-ге келгенімді тағдырдың ерекше сыйы деп түсінемін. Тәуелсіздіктің құрдасы екенім ерекше жауапкершілік жүктейді. Еліміз Тәуелсіздік алғанда біз Өскемен қаласында тұрғанбыз. Мен сол жерде тудым. Ата-анам тұңғыштарын көп күтіп, мен дүниеге келгенде гүлдей нәзік болсын деп Нәзігүл деп атапты. Сол жылдарды ата-анам үнемі еске алып отырады. Сол кездегі елдің жайын қазіргімен салыстырып қарауға да болмас. Өзім бақытты балалық шағымды  ата-анамның, әпкелерімнің  ортасында алаңсыз өткіздім. Бұл елдегі тыныштықтың, тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. 23 жылда еліміз өркендеп, қанатын жайды. Елмен бірге есейген мен сияқты   жастар да оқуларын бітірген, бір-бір маман. Олар да мен сияқты тәуелсіздіктің құрдасы болуды екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін бақыт деп түсінеді. Тәуелсіздіктің арқасында өзге елдермен тереземіз теңесті. Елбасы жастарға үнемі сенім артып отырады. Бірлік, береке, татулық барда еш қауіп жоқ. Тәуелсіздігіміз  баянды болсын деп тілеймін.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓