Ұстаздарымызға мың алғыс

Біз, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сыныпты бітірген биылғы түлектер білім берген ұстаздарымыздың мәртебесін көтеріп, үздік білімдерімізбен жақсы аяқтап шықтық. Бізді оқытқан ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбектері зор, оларға бойымызға құйған білім нәрлері мен саналы тәрбиелері үшін өз атымнан және сыныптас достарымның атынан мың алғыс дегім келеді.
мектеп
Апайларымыз білімді санамызға құйды, үйретті, ақылшымыз болды. Ыстығымызға күйді, суығымызға тоңды. Жетістігімізге қуанды, кемшілігімізге күйінді. Бізді әрқашан өз балаларындай көрді. Бесінші сыныптан бастап сынып жетекшіміз болған Жұмаш Советқызының, Ағыбай Қараұлының еңбектерін атап кетпеу мүмкін емес. Жеті жыл тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан, біз күлсек бірге күліп, біз ренжісек бірге ренжіп, әрбіріміздің қас-қабағымызға қарап үнемі жанымыздан табылатын апайымызға, ағайымызға алғысымыз шексіз. Ұстаздардың адал еңбегінің нәтижесінде ең үлкен сынағымыз – ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырдық, үміт артқан "Алтын белгі" иелері де өз үміттерін ақтады десек болады. Облыста осы ҰБТ нәтижесі бойынша мектебіміз бірінші орында тұр. Мұндай дәрежеге жетуіміздің бірден-бір себебі, осы ұжымды басқарып отырған директор апайымыз Галина Оразқызының, орынбасарлары Шолпан Құрманғалиқызының, Гүлмира Мұхаметжанқызының, Құралай Жұманқызының еңбектері зор. Өз пәнін сүйіп, бар білгенін шәкірттеріне үйретуден жалықпаған Асыл Әубәкірқызының, Роза Мейрамбекқызының және басқа да ұстаздарымыздың еңбектері әрқашан жаңа биіктерден көріне берсін демекпіз. Шәкірт ретінде сіздердің алдарыңызда бас иеміз.
 
Еренғайып ИБРАХИМ,
2014 жылғы түлек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓