ШЕТЕЛДІКТЕР ШЕТТЕТІЛМЕК

    Алдағы ойын маусымынан бастап, қазақстандық премьер-лигасының шетелдік маман басқаратын әр клубы арнайы салық төлеуге міндеттелмек. "Kursiv.kz" ақпараттық порталының хабарлауынша, оның сомасы жылына 100 мың  АҚШ долларын құрауы тиіс. Шетелдік жаттықтырушыларға баж салығын енгізу туралы шешімді елдің Футбол федерациясының атқару комитеті жақын арадағы отырысында бекітуді жоспарлап отыр.
    Арнайы салықтан ЕАЭО құрамындағы Беларусь, Армения, Ресей және Қырғызстаннан келген мамандардың босатылатынын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда "Қайрат" (Алексей Шпилевский) және "Ақтөбе" (Александр Седнев) футбол командалары ғана ЕАЭО елдерінен келген мамандардың көмегіне жүгінуде.
    Ал "Астана"," Ордабасы"," Қайсар"," Шахтер "және" Ертіс" футбол командаларын  осы одаққа кірмейтін елдердің жаттықтырушылары басқарады. Сонымен қатар, Бірінші лигадан көтеріліп келе жатқан "Каспий" клубында Хорватия жаттықтырушыларының шетелдік тобы еңбек етеді.
    Отандық мамандар "Тобыл", "Жетісу", "Оқжетпес", "Тараз" және "Атырау" футбол командаларында жұмыс істейді.
    Бапкер-легионерлерге салық салу жүйесі Ресей Федерациясында кеңінен қолданылады. Ал көршілес Өзбекстанда бұл жүйе тиімсіз деп танылып, былтыр ғана тоқтатылған еді. Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай жүйе отандық мамандардың беделін арттырып, жаңаша жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓