Жаңа көлік түрі құрастырылады
Қостанайда қоқыс таситын машиналар өндірісі іске қосылды. Қоқыс тасығыштар «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қостанай машина зауыты базасында құрастырылады. Астанадағы «Жасыл өсім / Gewr' 2018» форумында, сондай-ақ Екатеринбургтегі көрмеге жаңа коммуналдық жабдықтардың алғашқы үлгілері көрсетілді. Кейбір қостанай қалалық коммуналдық шаруашылықтары арнайы техниканы сатып алуға ниет білдірді. Оның құны 20 миллион теңгеден басталады. Машина жасаушылар ТМД елдеріне атамлыш техниканы экспорттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жеңілдік лизинг бағдарламасы да бар.