Қарасуда элеватор салынуда
Ауданға қарасты Октябрь ауылында астық қабылдап, кептіріп, сақтауға арналған кешен салынып жатыр. Кешен 49,6 мың тонна астық сақтауға шақталған. Инвестициялық жоба 2013 жылы басталған еді.
Инвестициялық жобаның жалпы құны – 850 млн.теңге. Тапсырыс беруші – «Макс» ЖШС. Мұнда белоруссиялық құрылғылар орнатылады. Шаруашылық қожалығының басшысы Максим Артемук кешенді биыл іске қосамыз деп отыр. Мердігер компания тиесілі ақшасын алып, жұмысты аяқсыз тастап кеткен. Бір өкініштісі – осы. Әріптестерінің жауапсыздығына қарамастан, «Макс» ЖШС құрылыс жұмыстарын тоқтатқан жоқ.
-Кешенге Америка, Түркияның құрылғысын енгізуді ойладым. Екі елде де баға айырмашылығы байқалмайды. Тек жол-көлік шығындарын ғана ескерген жөн. Біз Кедендік Одақтамыз. Екі елдің арасындағы сауда-саттық байланысы әлдеқайда жеңілірек. Сондықтан, Белогруссияның құрылғысын таңдадым,-деді «Макс» ЖШС директоры Максим Артемук.
Шаруашылық директоры Белоруссияның құрылғысының сапасын бағалауға дайын еместігін айтты. Әзірге құрылыс жұмыстарына көңіл толады. Кешеннің аумағында теміржол тұйығы да бар.
-Гектарынан 30 центнерден өнім алған жылдары астықты далада, ашық аспан астында сақтадық. Көктемге дейін аулада қап-қап болып жатты. Астықтың қар астында қалғаны обал ғой. Сондықтан элеватор салуды қолға алдым. Мұнда астық сол күйі сақталады,-деді «Макс» ЖШС директоры Максим Артемук.
Қымбат ДОСЖАНОВА