Көлік салығын кешіктірмеңіз

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылға көлік салығын 2019 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Жеке тұлғаларға салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.Без названия
2019 жылға көлік салығын есептеуді сіз ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан "Электронды қсервистер" / "Калькуляторлар" бөлімінде жасай аласыз.
Салық төлеуді, еgov.kz порталында электронды түрде жүргізуге болады. Ол үшін, Egov.kz порталында "Салықтар және қаржылар" – "Салық салу" – "Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" және "Онлайн ресімдеу" батырмасын басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалары) төлеуге болады.
Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз.
Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.
Өндірістік емес төлемдер басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓