Жоспарда – 2 трлн теңге
Қостанай облысында алдағы бірнеше жылда 6 мыңнан артық адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы "Хабар 24" тілшісі жазды.Бұл жалпы құны 2 трлн теңге болатын 40 жобаны жүзеге асыру аясында мүмкін болмақ. Облыста осынша жобаның орнықты жұмыс істеуіне 13 шетелдік инвестор қатысады. Негізгі екпінді өңдеу саласына, көлік құрылысы мен агроөнеркәсіптік кешенге салу жоспарланып отыр. Тобыл өңіріне Қытай, Ресей, Франция, Голландия, Украина және Беларусия елдерінің әріптестері инвестиция құюға әзір. Экономист мамандардың сөзіне жүгінсек, елде өткелі отырған кезектен тыс президент сайлауы шетелдік компаниялармен қызметтестікті жандандыра түсуге көп ықпалын тигізері сөзсіз.
"Шетелдік инвесторлар, тиісінше, халық сайлаған президенті жоқ елмен бейқам әріптестік орнатудан аяқтарын тартады, ірі жобаларымен мұндай елдерге тәуекелмен келе алмайды. Сондықтан, егер экономикалық тұрғыдан қарасақ, жаңа президенттің сайлануы – біз үшін де аса маңызды үдеріс", – деп есептейді экономика және құқық ҒЗИ директоры Сергей Жалыбин.