Жұмыс сапасы басты назарда
Қостанай облысының Полиция департаментінде кеңейтілген кеңес өтті. Онда 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды. Мақсатты іс-әрекеттердің арқасында өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 84% – ға дейін жақсарды. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңесте қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының, прокуратура, ҚАЖД, ТЖД, 6697 әскери бөлімі өкілдерінің, сондай-ақ департаменттің басшылық құрамының қатысуымен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Полиция департаменті Штабының бастығы Мейрам Қажкенов ағымдағы жылдың 9 айының жедел-қызметтік іс-әрекеті туралы баяндама жасады. Полиция подполковнигінің айтуынша, облыстық ведомствоның жұмысы 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Штаб бастығы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 12,4% – ға төмендегенін атап өтті.
Аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жұмыс жағдайына қатысты Қостанай облысында ашылмаған аса ауыр зорлау және жыныстық тиіспеушілікке қарсы өзге де қылмыстар жоқ екенін атап өткен жөн.
Бүгінгі күні облыста бопсалаушылық жасаудың барлық тіркелген фактілері ашылған. – Аса ауыр қылмыстардың ашылуы облыс департаменті басшылығының тұрақты бақылауында-, деп атап өтті полиция подполковнигі.
Осыған байланысты, өңірдегі мақсатты жұмыстың арқасында 9 ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 84% – ға жетті (2018 жылы-76%). Кісі өлтіру, қарақшылық, айдап кету және денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстардың ашылуы 90% құрайды. Пәтер ұрлығының ашылуы 80% құрайды. Көшелерде және қоғамдық орындарда жағдай айтарлықтай тыныш. Қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған тіркелген қылмыстар саны 20% – ға азайды.
Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 7,8% төмендеді. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда мал ұрлығының ашылуы 24% – ға өсті. Жыл басынан бері облыс тергеушілері мен анықтаушылары сотқа 4218 қылмыстық іс жіберді. Сотқа жіберілген істердің үлес салмағының көрсеткіші бойынша Қостанай облысы республикадағы облыстар арасында жетекші орында тұр.
Сонымен қатар, полиция полковнигі Нығмет Исмагулов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ҚР ІІМ алқа мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау бойынша негізгі міндеттерді атап өтті – бұл құқық бұзушылықтың, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысымен күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, өткен алқа отырысында тергеу органдары сынға ұшырады. Осыған байланысты қызметтің осы бағыты кеңес шеңберінде қаралды.
Жол картасында, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі шеңберінде "Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру бойынша азаматтармен кері байланыс қамтамасыз етілді, полицияның ашықтығына негізделген халықпен жұмыстың жаңа форматына назар аударылды.
Ол үшін оң қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері облыстық ПД бастығы Бекет Аймағамбетовпен екі есептік кездесу, "Нұр Отан"партиясының филиалдарында 5 көшпелі қабылдау өткізілді. 9 ай ішінде облыстың бас полицейі 100-ге жуық адам қабылдады. Қабылдаулар барлық қалалық және
аудандық аумақтық бөлімшелерде құрылған 21 фронт-кеңседе тұрақты негізде өткізіледі. Жыл басынан бері 500-ден астам азаматтың мәселесі шешілді.
Жеке қауіпсіздік басқармасының жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция майоры Дәулет Қасенов мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша Департамент аппараты қызметінің, қалалық, аудандық бөлімдер мен полиция басқармаларының бастықтарына қаралған мәселелер бойынша, атап айтқанда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.