Зейнетақы мөлшері артты

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері (32 668 тг.) және айлық есептік көрсеткіштің (2 778 тг.) мөлшері өсті. Ең төменгі зейнетақы 40 441 теңге мөлшерінде, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 17 641 теңге мөлшерінде белгіленді.
­­­­­­- Биылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін жыл сайынғы индекстеу жүргізілді, бұл ретте жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 7%-ға арттырылған (2%-ға инфляция деңгейінен ілгері оза). 1 сәуірден бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ базалық зейнетақы төлемі 5 %-ға арттырылды, ­­- дейді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары Айнұр Сатаева.
Аталған арттыру Қостанай облысы бойынша 136,7 мыңнан астам зейнеткерлерге қатысты. Барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты 5% артты. Жалпы алғанда арттыру облыс бойынша шамамен 335 мың әр түрлі төлем түрлерін алушыға қатысты болды. 
– Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру бойынша жұмыстар белгілі бір уақытты талап етті және сәуір айының аяғында жүргізілді. Бірақ мамыр айында барлық алушылар төлемдерді сәуір айына айырма сомасын ескере отырып арттырылған мөлшерде алады. Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 46 АЕК (127 788 теңге) аспауы керек, – дейді Айнұр Сатаева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓