Өсім жоғары
Облыс әкімдігінде өткен селектор жиынында 2020-2022 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының перспективалары және құрылыс аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу мәселелері талқыланды. Басқарма басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысында 330 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 10 процентке артық. Өткен тоғыз айда қаржыландырудың барлық көздері бойынша 264,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 2 825 пәтер пайдалануға берілді. Бюджет қаражатын игеру 6,6 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 68%-ін құрады.Басқарма басшысының баяндамасына сүйенсек, облыстағы баспана салу көрсеткіштері төмендегідей түзіледі:
2020 жылы – 356,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 165 пәтер
2021 жылы – 384,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 341 пәтер
2022 жылы – 415,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 590 пәтер.
Келесі жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы саласына қарқын қосылмақ. Құрылыс аумағы 336,8 шаршы метрге дейін ұлғаяды.

Қасқырбай Қойшыманов