Портал қолжетімділікті арттырмақ

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап оңалдырудың техникалық құралдарын және арнайы әлеуметтік қызметтерді өз еріктерімен Әлеуметтік қызмет порталы арқылы ала алады. Без названия (2)
Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалдыру жабдықтары қатарында протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар бар. Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін жеке көмекшілер, ишара тілі мамандары көрсетеді, сонымен қатар олар санаториялық-курорттық ем қабылдауға қол жеткізе алады.
Бүгінгі таңда оңалдырудың техникалық құралдары мен жоғарыда атап өтілген қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асады. Арнайы қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сапаны арттыру және қызметтің қолжетімділігін қамсыздандыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтас ел бойынша Әлеуметтік қызмет порталы іске қосылатын болады.
Қазіргі уақытта азаматтардың мүмкіндігі шектеулі екендігі анықталған сәттен бастап оңалдырудың техникалық құралдары мен қызметіне қол жеткізуі үшін 8 айға дейін уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізудің ұзаққа созылатынымен байланысты. Қызмет алушылардың айтуы бойынша, қазіргі тендерлік жүйе мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлдем қолайсыз. Олар әр жыл сайын қызмет көрсетудің және медициналық өнімдер сапасының нашарлап бара жатқанына шағым айтуды жиілетіп барады. Сондықтан, Порталды іске қосу оңалту қызметіне деген сұраныс көлемінің жасырын күйде қалу факторын жоюға мүмкіндік бермек. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Безымянный
Порталды қолданысқа енгізу нәтижесінде оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің бизнес-процесі 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқаратын болады. Мүгедектігі бар азаматтардың тілектеріне сәйкес, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі де көзделген. Бұл – порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз.
Мұның сыртында, сертификатталған мамандарды таңдау неғұрлым қолжетімді болады, ал медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – МӘМ) барлық МӘМ-нің жарақтандырылуы мен жүктелуі ескеріледі.
Порталды іске қосу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ "бір терезе" арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.1
Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар аясында іске асқалы отыр.
Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткізушіні қамтиды деп көзделеді
Бүгінгі таңда "Мобильдік азаматтар базасы", "Әлеуметтік тізілім", "Бірыңғай деректер қоймасы", "Қазпошта" АҚ, "Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі", "Жылжымалы мүлік тіркелімі" ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓