«ҰЛТТЫҚ ҰЛАН -ЕЛ АЙБЫНЫ»
Қазақстан Республикасы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінде осындай атаумен акция өтуде. Мұндағы мақсат жастарды Отанын сүюге баулу. Шара барысында әскери бөлім «Ашық есік» күнін өткізді. Бұған Бейімбет Майлин ауданындағы «Жас сарбаз» әскери клубының жоғарғы сынып оқушылары келіп, бөлімнің тыныс-тіршілігімен қанықты. Жасөспірімдер нағыз қаруды қолдарына алып, сарбаздармен бір сәт тілдесіп әскери өмірдің қызығы мен қиындықтарын сұрап жатты. Алдағы уақытта «Ашық есік күні» жалғасын таба бермек.
«Ұлт ұланы -Ел айбыны» акциясы аясында әскери оркестр жақын аудандарға шығып концерттік бағдарламаларын ұсынған еді. Бірінші болып, Федров ауданына барып мектеп оқушыларымен кездесіп, оларға Ұлттық ұланның қауқары жайлы айтып, сұхбат жүргізді. Жоғары сынып оқушыларыда өздеріне керек сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алды.
– Дені сау, қажырлы азамат ретінде, мен де әскери борышымды өтеуге ниеттімін. Бүгінгі Қазақстанның әскері – қуатты, кемелденген, озық үлгідегі ұрыс қаруларымен жабдықталғанын естіп, біліп те жүрміз. Батырлығымен даңқы алысқа ұзаған ата-бабаларымыздың жолын қуып, бүгінгі бейбіт күнде Ұлттық ұлан қатарынан көрінгім келеді, – дейді әсерлі кездесуден кейін мектеп оқушысы Дархан Қойшыбайұлы.
– Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп атап өткені белгілі. Жастар үшін Мемлекет тарапынан жасалап жатқан игі істер жетерлік. Тек соны дұрыс пайдаланы алса болғаны, – дейді бөлім командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Шораев. Шара барысында Ұлттық ұлан сапында міндеттерін атқарып жүрген, «Бейбіт күннің батырлары» жайлы бейнебаян көрсетіліп, «6-шы бекет» фильмі көрермен назарына ұсынылды. Тәрбиесі мол осындай іс-шараларды 6697 әскери бөлімі тоқтатпақ емес.
Қымбат Шұғайып