“Тобыл” көш бастап тұр (БЕЙНЕШОЛУ)
Футболдан Қазақстан біріншілігінің 5-туры аяқталды. Қостанайлық "Тобыл" сырт алаңда қызылордалық "Қайсармен" кездескен еді. Ойын тартысты өтті, алайда, қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Командалар тең тарқасты.
Бірақ, қоржынға қонақта түскен бір ұпай біздің команданы турнирлік кестеде бірінші орынға шығарды. Енді осы жетістікті сақтап қалу үшін 12-сәуір күні "Тобыл" "Затоболец" стадионында алматылық "Қайратпен" күш сынасады. Ал, оңтүстік астана жігіттері маусымды сәтсіз бастағанымен, қайта күш алған сияқты. Олар бесінші турда қарағандылық "Шахтерді" сырт алаңда 1:4 есебімен жеңді.
| № | Команда | Ойын | Доп | Ұпай |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тобыл | 6 | 5-1 | 11 |
| 2 | Қайсар | 5 | 5-2 | 11 |
| 3 | Ертіс | 6 | 8-6 | 11 |
| 4 | Қайрат | 6 | 9-5 | 10 |
| 5 | Ордабасы | 6 | 8-5 | 10 |
| 6 | Астана | 5 | 7-6 | 10 |
| 7 | Ақтөбе | 5 | 4-4 | 5 |
| 8 | Ақжайық | 5 | 8-9 | 5 |
| 9 | Тараз | 5 | 3-4 | 5 |
| 10 | Оқжетпес | 5 | 4-7 | 4 |
| 11 | Шахтер | 5 | 3-10 | 1 |
| 12 | Атырау | 5 | 3-8 | 0 |
























