«Қымызмұрындық» фестивалі өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асыру аясында жүзеге асып отыр.08416289-2bfb-4525-b4b7-e3ae7b63a665
afeda5bb-e730-4030-b074-7c4c4d95cd4b
64f35e9f-4a69-4908-9627-546a865fedd8Фестиваль Қостанай ауданының әкімдігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылғанын айта кетейік. Қымызмұрындыққа облыстың 8 ауданынан бие байлап, бабадан қалған сусынды кәсіп еткен өндірушілер шақырылған. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер тігіліп, ат жарыс, қыз қуу, аударыспақ, күрес, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату ойындары фестивальдің көрігін қыздырып жіберді. Ортаға сахна қойылып, өңірден жиналған өнерпаздар ән-күй, би, жырдан шашу шашты. ebd21d6c-e083-47d1-acae-5a462786812c
 
d4999863-1fb8-4a97-b2b2-388c32d95ea9
f0a2b6f5-578f-46da-9b4c-fc1c33a4e1bc
39644e83-79b4-4565-a5c9-d90d9a10eaf9
5b48caf7-84ca-4ede-9257-2088f9175ac8
49c66076-2641-4a4d-bf30-afb0e357f56aШеткерірек биебау қоршалып, желіге құлындар байланған екен. Ал таза қанды абадандай төбеттерін ала келгендер де той базардың бір бұрышына жайғасыпты. Той баба сусынның құрметіне арналғандықтан, қымыз өндірушілер арасында «Халық таңдауы» байқауы өткізілді. Аудандардан күбі пісе келгендер реттік сан бойынша қаз-қатар тұрады. Жұрт олардың әрқайсысының қымызынан дәм татып, ұнаса оған дауыс береді, яғни, сол ауданның реттік саны жазылған қағазды жәшікке тастау қажет. 24034e6a-abe8-4108-835a-abdb21a573c5
efbbaea2-0381-42ee-997e-40323f09f055
dd6f48ba-a52f-4d90-8b83-675d80fb74b6
f0593ed8-c0ef-43c1-9480-60e119184124
cab4c56a-fe19-4be1-b3ec-ad6fd35289f8«Халық таңдауы» байқауында 54 дауыс жинаған жанкелдиндік Мәлік Бекеттің қымызы дәмі жағынан ең бабында деп танылып, жеңімпаз атанды (жүлде 300 мың теңге). Ат спорты ойындарының құнан бәйге жарысында Мақсұт Шәкібаевтің сәйгүлігі алдына жан салған жоқ (жүлде 150 мың теңге). Ал топ бәйгеде Сайран Әуезхановтың тұлпары үздік келді (жүлде 400 мың теңге). Қазақ күресінен Талғат Жиентаев «Түйе палуан» атанып, жүлдеге тігілген бұқаны жетектеп әкетті.
cdb2e44f-3093-4543-991f-e863a81f5c8c
cad549bc-3cbc-4818-957e-18ce61fd75cf
0173f8f0-aa30-42cb-b7f3-ac6af3d4f15a
dd082d3b-83ad-4ac4-a4b8-cd6d58dd191f
c9c92ac4-7a0c-4e58-963d-e2e123b8681199ad2fe9-e01c-4ac4-bfbf-9d63f32c507eТолық ақпарат газеттің алдағы сандарында.
a3080091-c32b-40c3-bfc3-3e1b3f3016e4
ae26ab67-647e-468d-96bb-92e45dc71832
9ba30ff2-8644-4ed3-91c4-fad9856eadd1
30df9edd-99d3-4b80-8bfb-f0277cb008f3
Қыдырбек Қиысхан,
Суреттерді түсірген Б.Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓