Басқарма басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Берік Таңжарықов тағайындалды.Архимед Мұхамбетов жаңа басшыны барлық өңір әкімдерімен өткен селекторлық жиында таныстырды. Берік Қуанышұлына тұрғын үй құрылысына жоспарланған қаржыны тиімді игеру, баспана өсімінің қарқынын төмендетпеу міндеттері қойылды. Сонымен қатар, 2020-2022 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының перспективалары және құрылыс аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жоспар жасалмақ.
Бұған дейін облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болған Нұрлан Қатарбеков аудан әкімі қызметіне ауысты.