Салық төлеушілер назарына

28 қазанда Қостанайда онлайн-БКМ (бақылау-кассалық машиналары) жәрмеңкесі өтеді. images
Жәрмеңкеде БКМ Техникалық қызмет көрсету орталықтары, ақпараттық-бағдарламалық кешендердің өкілдері өз өнімдерінің (бақылау-кассалық машиналары, web-құрылғысы, мобильді кассалар) мүмкіншіліктері мен жетістіктерін көрсетеді. Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық заңнамаларының нормасын түсіндіріп, салық төлеушілердің сұрақтарына жауап береді.
Онлайн-БКМ жәрмеңкесін ұйымдастырушылар кәсіпкерлерді сағат 11.00-де Әл-Фараби даңғылы, 116 мекенжайындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында күтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓