Өтемақы қалай төленеді?
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымы 1 миллион теңгеден асатын адамдарға өтемақы төлейді. Өтемақы төлемдерінің тетігі жобасы осы норма бойынша қарастырылады. Оны қазір Үкімет пен Президент әкімшілігі қарастырып жатыр. Ол ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Бәйтерек» басқарушы холдингі және ҚР Ұлттық банкпен бірге әзірледі. Құжат салым сомасына қойылатын шектеулерді қарамайды. Бұл мәселе2015 жылдың 18 тамызына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған депозиттерге қатысты болып отыр.
Ол кезде Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 млн. теңгеге дейін – жалпы сомасы 66 млрд. теңге болатын 435 мың шарт болды (бұл – ЕДБ-дегі барлық салымдардың 25%). Бекітіліп жатқан жобаға сәйкес, бұл салымдарға Ұлттық банктің схемасы бойынша бір жолғы өтемақы төленбек. Өтемақы көлемі 20,9 миллиард теңге. 1 млн. теңгеден асатын – жалпы сомасы 114 млрд теңге болатын 57 мың шарт бар. Бекітіліп жатқан жобаға сәйкес, осы салымдарға ҚТҚЖБ қаражатынан және республикалық бюджеттен үш жыл ішінде өтемақы төленеді. Өтемақы сомасы 40 млрд. Банк өз қаражатынан 24 млрд. теңге бөледі. Төлем тетіктері бекітіле салысымен, бұл туралы мәлімет әр салымшыға хабарланады. Өтініш қабылдау уақыты да қосымша хабарланады. Салымшыларға қолайлы болуы үшін арнайы қызмет көрсету түрі әзірленді. Соның арқасында, электронды сандық қолтаңбаны пайдаланып, онлайн режимінде өтініш беруге болады. Банкке барып, арнайы шот ашудың қажеті жоқ.
Депозит банкте бір жыл сақталса ғана бағам айырмашылығы есептеледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жаңа акционер тартуға қатысты әлі шешім қабылданған жоқ. Жыл соңына дейін Үкімет, «Бәйтерек» Холдингімен біріге отырып, аталған банк акциялар пакетінің бір бөлігін жекешелендірудің оңтайлы талаптарын анықтайтын жоспар дайындайтын болады. Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке капиталы 110 млрд. теңгеге жетті. Инвестер келген жағдайда да, мемлекет ҚТҚЖБ құрылтайшыларының құрамында қалып, клиенттерге жыл сайынғы 20% сыйақыны төлей бермек. Бұл норма қаржы институтының меншік түріне тәуелді емес. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» заңда бекітілген. Қазіргі кезде банкте жалпы салым сомасы 280 млрд. теңге болатын 552 889 шарт бар. Мәселен, серіктес келсе де, оның талаптары өзгермейді. Өзгерсе де, ол тараптардың екі жақты шешімімен өзгертіледі. ҚТҚЖБ Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясына кірген (ЕҚЖКФ). Еуропалық әріптестерінің тәжірибесі бойынша банк 12 жылдан бері Қазақстанда ТҚЖ жүйесін жүзеге асырып келеді. Соның арқасында 97 099 адам жалпы сомасы 430 млрд. теңгеге еліміздегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемесімен заем алып, тұрғын үй жағдайын жақсартты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (2015 жылдың 1 қаңтарына дейін «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы деп аталған) сәтті жүзеге асырып келеді.Тек екі бағыт – ҚТҚЖБ желісімен «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды салынып келеді. Банк желісімен «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 15 265 отбасы пәтер алды. Салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 974 мың шаршы метр болды. 2015 жылы «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 138 мың шаршы метр болатын 2 184 пәтер пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 390 мың шаршы метр болатын 6 117 пәтер пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Жалпы алғанда, биыл ауданы 528 мың шаршы метр болатын 8 301 пәтер пайдалануға берілмек. «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ауданы 277 мың шаршы метр болатын 4 893 пәтер пайдалануға берілді. Биыл «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 19 мың шаршы метр болатын 338 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі күні ауданы 125 мың шаршы метр болатын 2 136 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы алғанда, биыл ауданы 144 мың шаршы метр болатын 2 474 пәтер пайдалануға берілмек. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында нысандарды қаржыландыру көлемі сақталады. Осы уақытқа дейін келісім жасалған тұрғын үйлердің бағасы теңгемен бекітілген. Өңірлеріне байланысты тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 90 000 – 142 500 теңге. Мемлекеттік бағдарлама жыл сайын «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 330 мың шаршы метр, ал «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 155 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қарастырады. 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін банк желісімен 2 806 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын салу қарастырылып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаражаты тиімді пайдаланып келеді. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салмақты жеңілдетеді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жергілікті атқару органдарына 84 миллиард теңгеден астам қаражат аударылды. Тәуелсіз компанияның зерттеу мәліметтері бойынша, қазіргі кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне азаматтардың 80% сенетінін білдірген. Биыл ҚТҚЖБ жылжымайтын мүлікке несие беру және ұзақ мерзімді жинақтар нарығында көшбасшы атанды. 2014 жылы елімізде берілген ипотеканың әрбір үшінші теңгесі (33%), ағымдағы жылдың 9 айында ЕДБ арасында құрылыс салуға және тұрғын үй алуға берілген несиелердің 75%-ы тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі болған. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 5%-ы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысып отыр.