Қылмыскер ардагер қайтыс болды
Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жастағы Иван Сурков қайтыс болды, – деп хабарлайды alau.kz.
2018 жылы тамызда Затобол тұрғыны 94 жастағы Иван Сурков 80 жастағы әйелінің інісін өлтіргені үшін сотталған. Соғыс ардагеріне екі рет үкім өзгертілді. Басында оған бостандығын шектеу жазасы кесілді, сосын түзету мекемесінде нақты уақытқа сотталған, ал кейін қайтадан бостандығы шектелді. Биыл Жеңіс күні ол мерзімінен бұрын босатылған еді.
5 қазанда ол құлап, аяғын сындырған. Иван Владимирович пансионатта таң алдында қайтыс болды. Онда оған жарақаттан кейін көмек көрсетіліп жатқан еді. "Ол түнде ұйықтап жатқан уақытта жүріп кеткен", – деді соңғы бір жарым жыл ардагерге қараған Ольга Некрасова.

Иван Сурковтың есімі 2019 жылы Жеңіс күні қарсаңында бүкіл Республикаға танылды, сотталушылар ардагерді құттықтап, ол үшін концерт берген.
Ардагер 1925 жылы Қостанай ауданының Янушев кентінде дүниеге келген. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" екі медальмен марапатталған, 12 мерейтойлық медальға ие болды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.