Жылдың алғашқы жәрмеңкесі

Қостанайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті. Жылдың алғашқы жәрмеңкесінде 30 тонна ет пен 144 мың дана жұмыртқа саудаланды. Бұл туралы "Бздің Қостанай" газетінің тілшісі жазады.87956147_197451594810803_5209630991714353152_oЖәрмеңкеде ет өнімдері сұранысқа ие болды. Айталық, сиыр етінің келісі 1400-1600 теңге, жылқы еті 1650-1800 теңге, шошқа еті 1100-1300 теңгеден саудаланды. Сонымен қатар, «Жас Қанат» бройлер фабрикасының өнімдеріне тұтынушылар кезегі толастамады. Жұмыртқа сатып алушылар да көптеп табылды. Оның он данасы 160 теңге мен 230 теңгенің арасында сатылды.
Тұрғындардың күздік қорлары көкөніс өнімдері қыс аяғында таусылған тәрізді. Тұтынушылар арасында картоп, сәбіз, қызылша және қырыққабатты қаптап алғандар болды.
– Біз тұрақтандыру қорының өнімдерін ұсынамыз. Картоп пен сәбіздің бір келісі 75 теңге, қызылша 95 теңге, қырыққабат 85 теңгеден саудалануда. Тұтынушылар көптеп келуде, мұншама сұраныс болады деп біз тіпті ойлаған жоқпыз. Үш сағаттың ішінде өнімдердің 90% сатылды, – деді «Aliya 1017» ЖШС-нің өкілі Әсет Фазылов.
Жәрмеңкеге барлығы 11 ауданнан және Қостанай облысының екі қаласынан 130 тоннадан астам өнім ұсынылды.
– Бүгін ауылшаруашылық тауар өндірушілер мұнда 30 тонна ет, 144 мың дана жұмыртқа, сүт өнімдері, қант, картоп, макарон, ұн әкелді. Тұрақтандыру қорынан 50 тоннадан астам өнім ұсынылды, – деді ауылшаруашылық басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.87983824_197451611477468_2742232508488744960_oКелесі ауылшаруашылық жәрмеңкесі Наурыз мейрамы қарсаңында 14 наурызда өтеді.
 
Суреттер "Біздің Қостанай" сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓