Ұлы ағартушы құрметіне
Бүгін Қостанай қаласында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринды еске алуға арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті. Бұл дәстүрлі шара осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. Қостанайлық әуесқой спортшылар Гашек көшесі бойындағы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" саябағы маңына жиналды. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер 2 шақырымға жүгірсе, ересектер жағы 12 шақырым қашықтықты бағындырды.