Балалардың қуанышы
Оқу жылы басталғаннан бері біздің сынып мәдени орындарға саяхат жасауды жалғастырып келеді. Сынып жетекшіміз Меруерт апай бұл жолы бізді Рудныйдағы тарихи-өлкетану музейіне апарды. Экскурсияның мақсаты – тек мектепке барып келумен ғана шектелмей, өлкеміздің керемет жерлері бар екенін көрсету. Оқушылардың таным-түсініктерін кеңейту.
Саяхат барысында бізді мұражай қызметкерлері жылы қарсы алып, құнды деректер жиналған залға кіргізді. Мұнда жиырма жеті мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған екен.






Мұнан кейінгі сапарымыз кеншілер қаласындағы «Село Лесное» сүт фирмасы болды. Біз мұнда сүт өнімдерінің жасалау әдісіне қанықтық. Зауыт менеджері жеткіншектерге аппараттар мен жаңа технологиялардың жұмысымен таныстырды. Сиыр сауатын фирма Федоров ауданының Қоржынкөл ауылында орналасқан. Аз ғана уақыт ішінде елімізге және көрші мемлекеттерге тарайтын сүт фирмасының өнімінен дәм таттық. Бұл кездесуден бәріміз сондай ерекше әсер алып, тамаша көңі-күймен оралдық.

Айзия ҚЫДЫРБЕК,
Болат ҚҰСАЙЫНОВ,
№24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылар