Көп балалы ана қуанышы (БЕЙНЕ)

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Қостанайда 39 отбасы баспаналы болған. Солардың бірі – бес баланың анасы Ақжан Досқожинова. Облыстық балалар ауруханасында санитар-буфетші болып жұмыс істейтін ол үш бөлмелі пәтерге ие болды. Көп балалы анаға бір ай бұрын «Юбилейный» шағын ауданынан екі пәтер ұсынылған екен. Бірақ одан бас тартып, балалары оқып жатқан мектептің дәл жанындағы үйді өзі таңдапты.
 
 
IMG_4222
–  10 жылдай пәтер жалдап, босаға тоздырып көшіп жүрдім. Балам көп болғаннан кейін көбі пәтеріне кіргізгісі келмейді. Міне, «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында бұл ауыртпалықтан да құтылдық. Әр адам үшін өз үйі ыстық қой. Отан отбасынан басталады. Балаларым да бақытты. Үлкені онда, есімі – Азамат. Әзила – тоғызда. Нарғыз бірінші класта. Екі кішкентайым балабақшаға барады. Ай сайын 120-130 мың теңге атаулы көмек алып тұрамын. Өз айлығым бар. Мұның сыртында көп балалы ана ретінде берілетін 10 мың теңге бар. Қазір жағдайымыз жақсы. Осы қамқорлықтың бәрі Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасының жемісі деп ойлаймын, – дейді бақытты ана.
IMG_4310
        «Бақытты отбасы» бағдарламасы өңірде Тұрғын Үй жинақ банкі арқылы жүзеге асырылып жатыр. Банк филиалының директоры Дәурен Саудабаевтың айтуынша, бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 175 өтінім мақұлданып, оларға 300 млн теңге көлемінде несие берілген. Несиенің жылдық өсімпұлы – 2%. Бастапқы жарна – 10%. Бағдарлама бойынша  облыстың кез-келген елді мекенінен  пәтер алуға болады.  Пәтердің жаңа болуы шарт емес, бұрын пайдаланылған пәтерлерді де несиеге алу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы,  Ақжан Досқожинова пәтерін қолдан сатып алып отыр.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓