Жастарды не толғандырады?
Қазіргі жастар – кемел келешектің келбеті. Сол жастарымыздың бүгінініне қарап болашақты болжауға болады. Көптің аузынан « жастар еңбекқор, білімді, пысық» деген сынды сөздерді жиі естіп жатамыз. Дегенмен де, бүгінгі ұрпақтарды толғандыратын сауалдар жетерлік. Ендеше, жастармыз не нәрсеге алаңдайды? Осы тұрғыда қысқаша сауалнама жүргізген болатынбыз.
Диана, 21 жаста: Әрине, соңғы жыл білім алып жатқандықтан, диплом алған соң қайда жұмысқа тұрамын көп ойланамын. Ол – тек менің ғана емес, өзім қатарлас бірнеше жастың көкейінде жүрген сауал. Қазір «танысы бардың «шансы» бар » деген заманауи мақал шындыққа айналып бара жатқан сияқты.
Сымбат, 19 жаста: Менің ойымша, жастарды тек оқу, қаражат, жұмыс мәселесі ғана толғандырып қоймауы керек. Күн сайын ақпарат құралдарынан елімізде болып жатқан сұмдық жаңалықтарды естіп жатамыз. Өз баласын қоқыс жәшігіне немесе жолға тастап кетіп жатқан тасжүрек аналар, қаршадай өзіміз қатарлы қыздардың жоғалуы, өз әке-шешелерін қарттар үйіне тапсырудың жиілеуі сынды жаға ұстатарлық оқиғалар белең алуда. Осының барлығы дерлік бізді ойландыруы керек.
Ербол, 18 жаста: Мен қазіргі қоғамдағы мәселелерге қатты алаңдаймын. Әсіресе, бүгінгі мамандардың жұмыстарына көңілім толмайды. Мұның барлығы білікті маман даярлауда ұстаздардың және оқу орындарының өз істеріне салғырт қарауынан деп білемін. Өзім білім алған оқу орнында көптеген студенттер сабақтарға қатыспай, емтихандарын қаржы беріп жауып жатады. Сонда ондай студенттерден болашақта қандай маман шығады? Қазіргі өзім қатарлас жастар мамандықтарын жақсы меңгеруге көңіл бөлсе екен деймін.
P.S Біз сұхбат жүргізген жастардың пікірі осындай. Ал сізді қандай сауал толғандырады, оқырман?
Ақбота Сақұлова
Диплом алар күн алыс емес. Студенттік жылдарды ізденіске арнадым. Не болса да бізге, яғни қазіргі жастарға мол мүмкіндік жасалған. Қазіргі жас ұрпақ ұлтымыздың дәстүрін, ізгіліктерін бойларына сіңірсе құба құп. Меніңше батыс менталитетіне еліктеушілер көп. Қазақылығымыздан ажырамайық.
Ұ.деген мектеп мұғалімі өте білімді кісі. ЖОО екі ұлы оқып жатыр.Бірі осында екіншісі ел ордасында.Апайдың ойынша, қазіргі мектеп бағдарламасы тым күрделі, артық пәндер бар. Мектепті сколиоз болып бітірген жастың көбінің көзіндегі кемшілік-жақынннан көргіштік.1-курстағы жігіттің айтуынша ЖОО оқу оңай. Біреулер үшін қиындауы -оқудың ақысын төлемесең- сессияңа кірмейсің.Барлық жағдай жасалмаған, өйткені ол үшін заңға өзгерістер енгізу қажет әрі бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз.Студенттер(нақты бір ғана оқу орнында емес, жалпы қай-қайсысында да) тарихи тұлғаларды, қайрткерлерді, арғы-бергі зиялыларды білмейді, аралас тілде сөйлейді, ал бірқатар оқытушылар үшін мешін мен маймыл, теңге мен сом,ауырдың астымен жеңілдің үстімен бе әлде керісінше ме- ара жігін ажыратып беру оңай емес. Неге?
Ерболдың ойына қосыламын?