«Масленица» қай атамнан қалған мейрам?

Наурыздан гөрі қаңтардағы жаңа жылдың жақындап қалғаны қатты байқалатынын  мен ғана көріп жүрмеген болармын. Қыстың алғашқы айынан-ақ шам оранған шырша шалғайдан менмұндалайды, аттап басқан сайын оң-солыңнан «айқайлап» тұрған «с новым годымдардан» көз сүрінеді. Ал, қазақтың жаңа жылы ше? Ескерусіз. Еске салар еш белгі таба алмайсың. Ойша күтесің, күбірлеп күн санап қоясың анда-санда. «Наурыз» дегенде құрығырдың плакаттары да қат болып қалады-ау деймін осы. Есесіне…
Кеше бір құрбым: «Ертең «чучела» өртейміз. Наурыз сияқты мейрам ғой. Қалың қауым жиналады!»- деп қалды. Мұнысы несі тағы?..  Сөйтсем, күні ертең облыс орталығында «Масленица» «мерекесі» дүркіретіп атап өтілмекші екен. Мен өз басым мұндай көктем мейрамының бар екенін білмеппін. Насихаты енді Ұлыстың ұлы күнінен бетер. Сонда мұның осыншама «жалпыхалықтық» көлемге саярлықтай қандай қадір-қасиеті бар? Іздеп көрдік. Славян халықтарының меншікті мерекесі екен.  Мейлі. Бірақ осыны тайлы-тұяғымыз қалмай тойлаудың түк негізін көргенім жоқ.масленица
 
мас
масленЕртең думандатылмақ «Масленицаға», тікелей аудармасын итім білсін, «Күн мерекесі» деген айдар тағылыпты. Барлық қостанайлықты бірлесе атсалысуға шақырады. Бұл күні сити-орталықта  танымал өнерпаздар ән-күйді бебеулетіп, спорттық бәсекелер, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақшы. Сауда-саттық сөрелері де ұзын сонар сап түзеді екен. Керемет көңіл-күй сыйлауға уәде беріп отыр шараның мұрындықтары. Естуімізше, көптеген ауданның әкімдері күллі мекемелер мен кәсіпкерлерге жаппай атсалысуды міндеттеп қойған көрінеді. Кейбір қандастарымыз мұны Ұлыстың ұлы күнімен мазмұндас екенін айтып, көлгірсіп жүр. Орыстілді аудандардың «қазақтарының» ес білгелі асыға күтетін «төл мейрамына» айналған. «Қысты шығарып салу, көктемді қарсы алу, жаңару, жасару мерекесі» дейді олар. Ал, сол «дейтіндердің» «Наурыз» туралы түсінігі киіз үй тігу мен қазақша киім киюдің айналасында ғана. Мазмұны жағынан екі мейрамның еш айырмашылығы жоқтығын айтады. Былшылдапты!22
Біріншіден, «масленица» – Қазақстан Республикасының күнтізбесінде жоқ мейрам. Ендеше, қара орман халық болып дүбірлете думандатудың еш реті де жоқ! Екіншіден, бар мәнісі жаппай құймақ істеуден аспайтын, қамыс-адамды өртеп, айнала-ауаны ластайтын бұл мерекені Ұлыстың ұлы күнімен салыстыруға болмайды. Күн мен түннің теңелген шағы – міне, нағыз қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын күн! Елдің, жердің, мемлекеттің егесі – қазақтың Жаңа жылына «чучеланың» көлеңкесі түсіп тұрса, не болғанымыз? Айтпағым, славян халықтарының өз ырым-нанымымен өтетін меншікті мейрамдарын қалай тойласа да еріктерінде ғой. Тек соған біздің қатысуымыздың (мәжбүрлі түрде) қажеті қанша?! Халықтық статусы болмағандықтан, оған ауқымды бағдарлама құрып, жаппай атсалысуды жалпыға міндеттеп отырған бауырлардың ісінен ақымақтықтан басқа ештеңе көріп тұрғаным жоқ.    
 
 Еркін Айдар

You may also like...

7 Responses

  1. Айдос айтты:

    Расымен де, мемлекеттік мекемелердің осы мерекеге мұрындық болып, кәсіпкерлерді қақсатып отырғаны жарамаған екен. Славян мерекесі екен, өздері-ақ тойлата бермейді ме? Жергілікті халықтың масленицаға қандай қатысы бар?! Қытай мен кәрісің төл мерекелерін ың-шыңсыз өткізіп жатыр ғой?! 

  2. Сабыржан айтты:

    Сол мекеме басшылары – не қорқақ қазақтар намысы жоқ, не сол он шошқаға тоймағандардың бірі. Доғару қажет. Қажет, қажет, қажет дей бермей, іске көшіңдер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  3. Марат айтты:

    Өте дұрыс пікір. Бірақ Наурыз қазақтың ғана емес, жалпы Орталық Азия және басқа аймақтардағы мұсылман қауымының ортақ мерекесі. Еркін Айдар мырза осыған келіседі ғой деп ойлаймын.

  4. Жантөре айтты:

    Осы масленицаға барып, құймаққа тойып келдік бүгін, ал керек болса!!!!!!!!

  5. Қолқоюсыз айтты:

    Көп ұлтты мемлекет болған соң бұндай мерекеледі тойлауға мәжбүрміз. Ел ішіндегі бейбітшілікті сақтаймын десен ұлтшылдықты қою керек. Жан жаққа шауып дабыра қылудың қажеті біздікі емес еді деп. Нағыз қазақ болсан өзіңнен баста бірінші. Ел арасына іріткі салмау керек бұндай мақалалармен. 

  6. Сара Жақсылық айтты:

    Көп ұлтты мемлекет болған соң Көп ұлтты мемлекет болған соң бұндай мерекеледі тойлауға мәжбүрміз. Ел ішіндегі бейбітшілікті сақтаймын десен ұлтшылдықты қою керек. Жан жаққа шауып дабыра қылудың қажеті біздікі емес еді деп. Нағыз қазақ болсан өзіңнен баста бірінші. Ел арасына іріткі салмау керек бұндай мақалалармен. бұндаКөп ұлтты мемлекет болған соң бұндай мерекеледі тойлауға мәжбүрміз. Ел ішіндегі бейбітшілікті сақтаймын десен ұлтшылдықты қою керек. Жан жаққа шауып дабыра қылудың қажеті біздікі емес еді деп. Нағыз қазақ болсан өзіңнен баста бірінші. Ел арасына іріткі салмау керек бұндай мақалалармен. й мерекеледі тойлауға мәжбүрміз. Ел ішіндегі бейбітшілікті сақтаймын десен ұлтшылдықты қою керек. Жан жаққа шауып дабыра қылудың қажеті біздікі емес еді деп. Нағыз қазақ болсан өзіңнен баста бірінші. Ел арасына іріткі салмау керек бұндай мақалалармен. 

  7. Динара айтты:

    Мәжбүрлеудің керегі қанша еді?Мысалы орысты мәжбүрлеп көрші ұлттығымды қорлады деп көшіріп жіберсін.Әз Наурызбен салыстыруға келмейді. Ұлттық намыс болу үшін ұлттық сана мен тәрбие болуы керек.Бұл жағы әлі аздық етіп жатыр.Немене қазақ жастары құймақ көрмегендей, пасхаға, ойыққа сүңгіп шығуға құмар?Әр ұлт өз сын-сипатын жоғалтпауы, қадірлеуі қажет. Мен әлі шілдехана, бесік тойы, қыз ұзату, сүндетке отырғызу т.с.с жөн-жоралғылардың ішінде күлім қағып орыс немесе өзбек жүргенін көрген жоқпын.Арнайы шақырды -қонақ қылды дейміз, жөн.Шақырды деп желпілдей берсек қандай бедел қалады? Күні ертең жастардың наурыздың -мұсылманша жыл басының және масленницаның айырмашылығын білмей бәрі той деп керден кетпеуіне алаңдаушылық жатыр да.Автордың да айтпағы осы сияқты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓