Ыбырай әлеміне саяхат

Өскелең ұрпақ өз Отанын сүюге, біздің тарихымызды жасаған мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ағартушыларын білуге тиіс. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның барлық аймақтарында еліміздің танымал тұлғаларын мәңгі есте сақтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатырғаны анық. Осы бағдарламаның арқасында Қостанай қаласы №24 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің кесенесіне барып, тәу етіп қайтты.IMG_0314
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклорист, қоғам қайраткері және ғалым-этнограф. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім беруіне бастау болды. Ол мектептер ашып, балаларға арнап кітап жазды, Л.Толстой мен И.Крыловтың еңбектерін қазақ тіліне аударды.IMG_0400
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын насихаттау аясында 4-сынып оқушылары мен осы білім ошағының директоры Д.Сүйіндікова, білім саласының ардагері Көпеш Беген, сынып жетекшісі Меруерт Антаевалар Ыбырай атамыздың кесенесіне барды. Ұлы ұстазға құран бағышталып, Көпеш Беген ақсақал Ыбырай атамыз жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Сөйтіп бастауыш сыныпты биыл аяқтайтын оқушыларға Қостанай өлкесінің тарихының бір бөлшегін сезінуге тамаша мүмкіндік туды.IMG_0433
Ыбырай Алтынсариннің кесенесі – бұл «Қазақстанның киелі картасының» тізіміне енген қазіргі сәулет өнерінің ескерткіші.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓