Ономастика – рухани мәселе

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да "Ономастика:ізденіс пен тәжірибе" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. IMG_4328Осымен 3-рет өткізіліп отырған жиынға ЖОО басшылары мен ғалымдары, тіл жанашырлары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, өлкетанушылар, облыс аудандары мен қалаларындағы Тілдерді дамыту бөлімдерінің өкілдері қатысты. Шарада биыл атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар бөлісілді. IMG_4373Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинованың мәліметінше, биыл 1 аудан, 7 ауыл және көшелер мен мекеме-ұйымдарды қосқанда, барлығы 135 атау өзгертілген. Келер жылы ҰОС-дағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қостанайда Сағадат Нұрмағамбетов, Естай Есжанов сынды даңқты майдангерлердің атына көше беру, елді мекендердің тарихи атауын қайтару бағытындағы жұмыстар қолға алынбақ. Ономастика мәселесі онымен де жеңілдей қоймайды. Өйткені басқарма басшысы облыстағы 142 ауылдық округтің 42-сінің атауы, 556 ауылдың 63-нің, 6138 көшенің 602-сінің атауы идеологиялық тұрғыда ескіргендігін дерек етті. IMG_4338
IMG_4359Конференцияда зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және сала мамандары ономастика мәселелеріне қатысты баяндамалар жасады. Сондай-ақ, пленарлық мәжіліске қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Тарихи атауынан ажырап қалған елді мекендердің байырғы ныспысын қайтару, олардың бұрмалануының себеп-салдары талқыға түсті.  IMG_4340
Конференцияның келесі бөлімі секциялық жұмыстармен жалғасты. Онда белгілі өлектанушылар мен ғалымдар, журналистер өңірдің тарихы, байырғы атаулар, сакралды георафия, ұлт руханияты және ономастика мәселелері туралы баяндамалар оқыды.
Айта кету керек, мемлекеттік тіл саясатының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар маман ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
IMG_4350
Материалды толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓