Тыныш ұйқы бап бақылауында
Жаңа форматта өтіп жатқан "Жолда қабылдау" акциясы аясында Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Нығмет Исмагуловқа журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзған үшін жаза белгілеу туралы ұсынысына түсініктеме беруге өтініш білдірді. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік әкімшілік кодекстің 437-бабында 5 АЕК айыппұл және 10 АЕК қайта бұзу түрінде 23.00-ден таңғы 6-ға дейін көзделген.
Нығмет Исмагулов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қостанай облысында жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 1887 адам жауапқа тартылғандығын түсіндірді. Мұндай хабарламалардың көпшілігі Қостанай қаласында тіркелген –850 дерек.
– Әрине, көпшілігі заңмен белгіленген уақттан бұрын да өтініш білдіреді. Бұл жалға берілетін пәтерлердегі жағдайларға қатысты. Мұндай мәселе бар, – деп түсіндірді полиция полковнигі.
Ол сондай-ақ тұрғын үй секторының жанындағы кафе иелеріне қатысты шаралар қолданылатынын атап өтті.
Ал журналистер "бұл заңды жұмыстан тек сегізде келетін азаматтардың құқықтарын бұза ма?" деп сұрады. Бұл жаңалықты қазір интернетте қызу талқылап жатыр. Желі пайдаланушылары тіпті кір жуғыш машинаның шуы тыныштықты бұзады деп есептейді.
– Санитарлық-эпидемиологиялық станция осындай фактілер бойынша өтініш білдірген кезде шудың рұқсат етілген деңгейін белгілейді және егер ол нормадан жоғары болса, полиция әкімшілік жауапкершілікке тартады, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полковник Андрей Григоревский.
Егер мұндай норма қабылданса және азаматтар қолдау көрсетсе, онда полицейлер құқық аясында жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, бұл жолы "Жолда қабылдау" жаңа форматта өтуде. Азаматтарды қабылдау "Nur Otan" партиясының филиалдарында және полицияның фронт-кеңселерінде ұйымдастырылған.
"Жолда қабылдау" жұмысының алғашқы сағаттарында облыс бойынша 100-ден астам азамат жүгінді. Ведомстволық желілерде тікелей эфирде сұрақтарға жауап беру жүргізілуде.