“Мөлтек әлем” байқауына қатысыңыз!

"Қостанай таңы" газетінің ресми сайтындағы "ҚТ-муза" айдарында "МӨЛТЕК ӘЛЕМ" атты ең қысқа әңгімелер байқауы жарияланады! 
Қойылатын талап – қысқа да нұсқа, бас-аяғы тиянақты, қызықты оқиғасы бар, оқыс ой айтатын оймақтай ғана әңгіме жазу. Бұл байқауға әлеуметтік желіде отыратын, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік кез келген оқырман қатыса алады. Бірақ олардың ішінен тек талапқа сай келетін, сапасы сын көтеретін материалдар ғана іріктеліп алынып, сайтқа жарияланады. Әр автор әрі кеткенде 10 ықшам әңгіме жолдауы тиіс. Ең үздік деп танылған үш үміткерге жүлде тағайындалады. Қатысушының көп қаралым жинауы да есепке алынады. Шарт бойынша, ниет білдіруші әңгімелерімен қоса аты-жөні, жеке суреті, мекенжайы және байланыс нөмірлерін Kt-fan@mail.ru электронды почтасына немесе 8-778-029-92-51 нөмірі арқылы Whats App желісіне жолдауы керек. Ендеше, қабілетіңіз бен бағыңызды сынап көріңіз! Іске сәт!молтек
Сіздерге байқау шарты түсініктірек болу үшін әлем әдебиетіндегі ең қысқа әңгімелерден мысал келтірейік:
 
* * *
"Кешір, жауынгер, біз бәтіңкенің екінші сыңарын да сатамыз".
 
* * *
"Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы".
 
* * *
"Сіз нөмірден жаңылыстыңыз», – деді бір таныс дауыс".
 
* * *
"Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген".
 
* * *
"Ұлымды ұйықтатпақ болып, төсегіне жатқыздым. Ол болса: "Кереуетімнің астында мақұлық бар", – дейді. Таңғалып кереуеттің астына қарасам, ол жерде ұлым: "Әке, төсегімде басқа бір бала жатыр", – деп қорқып отыр.
 
* * *
"Меңдеткен ауыр дертпен бірге көзімді аштым. Көзімді ашып едім, кереует қасынан медбикені көрдім. 
– Фуджима мырза, – деді маған қарап, – Сіздің жолыңыз болды. Екі күн бұрынғы Хиросиманы бомбалау кезінде аман қалдыңыз. Енді сіз қазір ауруханадасыз. Енді сізге еш қауіп жоқ. 
Әлсіздіктен әл-дәрменім құрып жатып, сұрап үлгердім:
– Мен қайдамын?
– Нагасакидесіз, – деп ол тіл қатты".
 
* * *
"Дүниедегі ең соңғы адам үйінде отыр еді, кенет есік қоңырауы шылдыр етті".
 
* * * 
"Ол жолды қысқартқысы келіп, көлігінің жылдамдығын барынша асырды. …Жолы қысқарды".
 
* * * 
Телефон шырылдады.
– Алло, – деді ол сыбырлап.
– Виктория, бұл мен. Бүгін кешке кездесейікші.
– Жарайды, қымбаттым.
– Шампан бөтелкесін алуды ұмытпа.
– Жарайды, жаным, уайымдама.
– Кешікпе, жападан жалғыз тұрмайын, – деп асығыс телефонды тастап жіберді.
Ол жымиып, күрсінді:
– Қызық, бұл кім болды екен?!
 
* * * 
"Бұрында менің бетім тегіс, белдемшем қыртыс еді. Ал қазір керісінше".
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓