Сәнді киіз үйлер жасалады

113_роХалқымыздың  асыл  мұралары көптеп  саналатыны    әркімге де  белгілі.  Жыл  он екі  ай  бойы  көшіп,     қонып жүргенде  қазақтар тұрмысқа қолайлы дүниелерді  таңдаған. Соның бірі – киіз үй. Қоныстанатын  жерге  тасымалдауға, құрастыруға тиімді  баспана –  киіз   үйге баға жетпейді. Соны қостанайлықтар да  ұмытпайды.   
  Біз әңгімелегелі отырған "КБК-Group"    жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  осынау игі істі қолға алған. Мұнда алты, сегіз, он екі, он алты  қанатты киіз үйлер жасалады. Қаншама   бөлшектерден   тұратын    құрылымды  дайындау оңай емес. Бүгінде серіктестікке Қазақстанның түкпір-түкпірінен  келген  нағыз шеберлер еңбек етуде. Олар – әрбір қо-салқы бөлшектің мәні мен маңызын толық  меңгергендер.
Барлық  бұйымдарға  экологиялық    жағынан   таза   материалдар іздестіріледі. Материалдар  дәстүрлі технологиямен  пайдаланылады. Мұның сыры тереңде жатыр. Таңдап     алынған  ағаш,  жүн, түбіт, бояу –  барлығы   да  табиғи  заттар. Яғни, адамның денсаулығына  зияны тимеуін шеберлер мұқият ескерген.
 Кешендік жұмыстар қолмен атқарылады. Ағаштарды ойып,  айшықтау,  ұшын үшкірлеу және  сәндеуге  қолы  ептілер   кіріседі.   Жүннен, түбіттен   жасалатын   бұйымдар да көздің жауын алады. Ұлттық   тарихи  мұраларды әйгілейтін  түрлі  оюлар  қандай әсем десеңізші!
Жас оқырмандарға түсінікті болу үшін киіз үйдің құрамын баяндай кетейік. Атап айтқанда, бұлар – кереге, санына, ұзындығы мен  жуандығына  байланысты қанаттар  және уықтар.
113Бір   шаңырақтың    өзі    неменеге    тұратынын    айтпай   кетпеуге болмайды. "Шаңырағың   биік   болсын"   деп  бата  берушілер  киіз   үйдің сәнді де, әсем көрінісін меңзейді емес пе? Алшаңдай басып, ішке енген қонақ алдымен есікті  ашады. Ағаштан оюлап, әрлендіріліп  жасалған   есік шетелдік  пластмассалық есігіңізден әлдеқайда артық.
Тізе келе тілге тиек ететін туырлық, іргеліктердің  киізден жасалатынын білмейтін қазақ кем де кем. Іргелік те оюланады.  Уық бау, белдеу арқан, діңгек арқан, керегені байлайтын арқандар жүннен жасалатыны анық. Және арқандар  жүннен, жылқының қылынан істелетінін ескеріңіз. Түстері де саналуан – ақ,  сары, қызыл, жасыл болады. 
Түскиіз  кілем,  сырмақ,  дөңгелек үстел, сандық, қамшы, көрпешелер, кебеже,  шашақ баулар, бау-басқұр, іргеліктер  –  бес саусақ шеберлердің өнімдері.
Аталған  кәсіпорын осынау жұмыстармен шектеліп қалмаған. Тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлеріне мән береді.  Тұтынушының мүддесіне сай  металл  есіктерді, шарбақтарды, темір торларды ұсына алады.
юрта от хасҚұрылыс-монтаж жұмыстары тағы да бар. Ағаштан жасалатын терезелер, есіктер,  үстелдер  де осы  кәсіпорында  табылады. Шағын ағаш үйлер жасайтын мамандар киіз үй жасаушы  шеберлерден кем емес. Құрастырмалы ағаш үйлер, аңшыларға арналған шағын үйлер  қажет бола қалса, сонда барыңыз.
 Үй жиһаздарына тапсырыс беруге де болады. Инженерлік-коммуникациялық   жұмыстар да атқарылады.
– Жұртшылыққа қызмет жасауды үлкен парыз санаймыз. Біздің     тауарларымыз    үнемі  сатып   алынса,    қала    бюджетіне    салықты   көптеп төлейміз, – дейді  серіктестік   басшысы    Айдар   Бейсенбаев. 
Айта  кету  керек,  кәсіпорын  ұжымы балалардың мұқтажына назар аударады. Қостанайдың   тұрғын үй аулаларына   қондырылған   түрлі    ойындық  қондырғылар  жасау дәстүрге  айналдырылған. Ағаштан, темірден құрастырылған сырғанақтар, ойын  алаңдары, әткеншектер, шағын архитектуралық заттар  сұлулығымен құнды.
                                  Ермекбай ХАСЕНОВ
Суреттерде: сәнімен көрікті  ақ шаңқан киіз үй және оның ішкі  көріністері.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓