Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері

ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ Қостанай филиалы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» бірлесіп ұйымдастырған «Латын әліпбиі: ғылыми-практикалық мәселелер» тақырыбында өткен онлайн-вебинар өтті. Оған біздің өңірден Қостанай облысы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Түгелбаева Әсемән қатысты.p3xHVUIu16c
Аталмыш іс-шараға орта білім беру ұйымдары педагогтері мен Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілі, тілдерді оқыту орталығы және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысып, білімдерін жетілдреді.
Вебинарда білім алушыларға қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайындағы цифрлық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары және жаңа әліпбидің ғылыми-практикалық мәселелері түсіндірілді.
Вебинарды Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО ПҚ БАИ» аға оқытушысы ашып, семинардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Қостанай облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Ә.Түгелбаева өңірдегі ішкі істер органдарында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде атқарылған іс-шаралар бойынша ақпарат тақырыбында сөз қозғады.IMG_2624
Сондай-ақ, онлайн-вебинарда латын әліпбиі – жас ұрпақты тәрбиелеудің рухани көзі, күрделі сөздердің жазылу емлесі талқыланды. Іс-шара вебинар қатысушыларын марапаттаумен аяқталды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓