Екі күнде бес адам денесі табылды

6-тамыз күні Қостанай облысына қарасты үш ауданда үш адам тұңғиық тұтқынына айналды. утонул
Қостанай ауданының Затобол кентінде, Тобыл өзені жағасында серуендеп жүрген резеңке қайығы оқыстан аударылып кетіп, салдарынан 72 жастағы ресейлік азамат суға батып кетті. Құтқарушылар марқұмның денесін екі сағаттан соң тапты.
Тағы да Жанкелдин ауданында Бәйтемір елді мекенінде, Торғай өзенінен 4 құтқарушы мен бір арнайы техниканың көмегімен 28 жастағы азаматтың денесі табылып, жағаға шығарылды. Ол белгісіз жағдайда шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен.
Дәл сол күні кешкі сағат 21.45 шамасында Затобол кентінде, "Көктем" саяжайлық қоғамы маңындағы өзенде 3 сүңгуір мен бір техниканың демеуімен беймәлім себеппен құрбан болған 49 жастағы еркектің мәйіті жағаға алып шығарылды.
Осындай қайғылы оқиғалар тізбегі араға күн салып Арқалық қаласы мен Меңдіқара ауданында тіркелді.
Ескерте кетейік, осы шомылу маусымында облыс аумағында адам шығыны жиырмадан асып-жығылып отыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓