Байғабылдағы бәсеке

«Қостанай таңының» спорт күндері ұйымдастырылды
 
Қазіргі жылдары ауыл спортын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дамытудың бір дәлелі – аймақтық спорт жарыстарын өткізу. Сондай жоғары дәрежелі бәсеке Амангелді ауданының Байғабыл ауылында өтті. Бұған дейін «Қостанай таңы» газетінің волейбол турнирі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келсе, биыл оған бірнеше спорт түрі қосылды. Сөйтіп, шалғай ауылда «Қостанай таңының» спорт күндері жалауын көтерді.
 
WhatsApp Image 2019-10-12 at 19.55.31(2)
Бірінші күн. Бәсеке басы – жүгіріс. Ашық түрде өткен жарысқа мектеп оқушылары мен бойжеткендер қатысты. Жүгіріс басталмай тұрып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қанат Өміртаевты сөзге тарттық. Оның айтуынша, жеңіл атлетиканың әдіс-тәсілдерін меңгерген адамға спортпен кәсіби шұғылдану қиындық туғызбайды.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.35(1)
– Жеңіл атлетиканың төресі саналатын жүгіріс немесе кросс аудан бойынша жақсы дамыған. Негізі, құмда жүгірудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Аяқтың ғана емес, арқа мен іш бұлшықеттері мен сіңірлері жұмыс істейтінін ұмытпауымыз қажет. Сол үшін қарқынды жұмыс істеп, қолмен серпін беріп отыру керек, күш жұмсалатын жүгіріс болып есептеледі. Мұның бәрі, әсіресе, өрге жүгіру барысында қатты сезіледі, – дейді Қанат Өміртаев.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.35(2)
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.35
Төреші пәрменінен соң жүгіру жарысы басталып кетті. Әуесқой спортшылар орта қашықтықта үздікті анықтады. Мәреге санаулы қадам қалғанда Баян Нағашыбай жылдамдық танытты. Екінші орын Аяулым Серіковаға бұйырса, үштікті Жәния Жапарова түйіндеді.
WhatsApp Image 2019-10-11 at 21.55.18(2)
Тағы бір тың тартыс – дартс. Бұл сайысқа 40 жастан асқан ауыл азаматтары қатысты. Бірінші орынді Ерлан Қайралапұлы жеңіп алды. Оның дартс жебесі 323 ұпай әкелді. Нысанаға дөп тигізе білген Айтмұхамбет Нүркейұлы 320 ұпай жинады. Үшінші орын ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрғасы Күнтуар Ілиясовқа бұйырды.
WhatsApp Image 2019-10-11 at 21.55.18(1)
Жеңімпаздарға газет ұжымының дипломдары мен ақшалай сыйлықтары тапсырылды.
WhatsApp Image 2019-10-11 at 21.55.18
WhatsApp Image 2019-10-11 at 21.55.18(3)
Екінші күн. Жоғарыда жазғанымыздай, «Қостанай таңының» волейбол турнирі жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл ауданның әр ауылынан командалар шақыртылды. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімдігі спорт бөлімінің басшысы Болат Мусин газет ұжымына алғысын білдірді.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.02(3)
– Волейбол турнирінің Байғабылда өткізілуін қолдаймыз. Себебі, қазіргі аудан құрамасының негізгі ойыншылары осы ауылда. Мұндай талғамы биік жарысты ұйымдастырған «Қостанай таңы» ұжымына алғысымыз шексіз. Басты мақсат ауыл спортын дамыту, волейбол ойынын бұқаралық сипатқа шығару ғой. Бұл тұрғыда газет ұжымымен бірігіп атқаратын жұмыстарымыз жалғаса береді, – дейді Болат Мусин.
WhatsApp Image 2019-10-12 at 19.55.31
WhatsApp Image 2019-10-12 at 19.55.31(1)
Сондай-ақ, Байғабыл ауылының әкімі Асхат Зейнолдин, аудандық білім бөлімінің спорт әдіскері Нұрлан Қарқынбаев, спорт ардагерлері Жеңіс Махатов пен Айтмұхамбет Биғабыловтар жарыстың басы-қасында болды. Өз кезегінде «Қостанай таңының» спорт күндерін өткізуге атсалысқан Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов, А.Нұрманов атындағы орта мектептің директоры Қуандық Шоңғаловқа, білікті бапкер, спорт маманы Ерлан Қаринге газет ұжымының атынан алғыс хат тапсырылды.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.02
Сонымен, Ақан Нұрманов атындағы орта мектепттің спорт алаңында жұрт қарасы қалың. Волейбол бәсекесі басталып кетті. Төрешілер қосынында өңірге есімдері белгілі волейбол шеберлері – Ерлан Қарин, Ерлан Биғабылов, Қанат Өміртаев, Нұрбек Айтмұхамбет, Диас Қайралаптар тұрды.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.02(1)
Бірінші кездесуде байғабылдықтар Аманкелді орта мектебінің командасын қабылдады. Тартысты өткен партияларда жарыс иелері жеңімпаз шықты. Кездесулердің арасында ардагер спортшы Айтмұхамбет Биғабыловпен әңгімелестік.
– Ертеден бері тынымсыз тірлікке негізделген ауылдың баласы ес білгеннен бастап небір ойын жаттығуларын көріп, еңбекке қауырт араласып өседі. Ауыр көтеру, аяқ, білек және бел күшін сынасу, аяққа қоржын байлап жүгіру, қол күрестіру, мықын итерісу, тағы басқа толып жатқан дене қимылдары жас баланың бойына қуат, жанына сергектік сыйлаушы еді ғой. Қазір біздің жас волейболшылардың да қадамы қуантады. Әр аулада волейбол алаңқайлары бар. Жаз түсе бос уақытын сонда өткізеді. Биік жетістіктер осындай шағын бастамалардан басталады. Бүгінгі жарыстан да осыны байқап отырмын. Негізі, спорт кешені жоқ ауылдан чемпион шықпайды. Алдағы уақытта спорт алаңдарын жөндеп, жастарға жол ашсақ деген арман бар. Мұны басшы-қосшы мырзалар ескеруі керек Соңғы кезде мемлекет тарапынан жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыс орталықтары мен қалаларда арнайы кешендер салынып жатқаны анық. Алайда, бұл игі шара шалғайда жатқан елді мекендерге әлі жете қойған жоқ. Соның салдарынан ауылды жердегі жастар екі қолдарын қайда сыйғызарын білмей дал. Егер оларды жастайынан спортқа тәрбиелесек, еліміздің атын әйгілі ететін қаншама саңлақтар шығатыны күмәнсіз, – деді Айтмұхамбет Нүркейұлы.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.39.02(2)
Ала доп аламанына қатысқандардың қай-қайсы да мықты, тартысты қыздырды. Дегенмен шын шеберлік мойындатпай тұра ма! Жеңіс тұғырына көтерілу үшін шешуші кездесуде Байғабыл ауылының жастары Үрпек ауылынан келген спортшыларды жеңді. Үшінші орынды Құмкешу ауылының волейболшылары иеленді. Олар Амангелді ауданынан келген Ы.Алтынсарин мектебінің ұжымынан басым түсті.
Ақылдастар алқасы үздік ойындарымен көзге түскен жекелей спортшыларды марапаттады. «Үздік ойыншы» аталамында жеңіске жеткен Сырым Дүзбай (Байғабыл) мен Нұртөре Тілегенов (Үрпек) газет ұжымы тағайындаған сыйлыққа ие болды. Тағы да бірнеше аталымдардың үздіктері анықталды. Олар: «Үздік қорғаушы» – Нұрислам Жабаев (Байғабыл), «Үздік шабуылшы» – Шоқан Сағымжанов (Құмкешу), «Үздік ойын үйлестірушісі» – Арсен Зәкіров (Амангелді).
WhatsApp Image 2019-10-12 at 19.55.31(3)
 – Үрдіске айналған бұл турнир ауыл жастарын волейболмен шұғылдануға насихаттап келеді. Қазір ауылдар бұл жарыстан қалыс қалмауға тырысады. Сондықтан жыл сайын жаңа есімдер шығып келеді, – дейді жарыстың үздік ойыншысы Сырым Дүзбай.
IMG_2015
Үшінші күн. Әр халықтың мәдениетi мен мiнез-құлқын танытатын ұлттық ойындары болатыны белгiлi. Соның iшiнде жалпы ережесi қалыптасып, жарыс күнтiзбесiне енiп, бұқаралық сипат алғаны қаншама! Ауыл баласы қазақ күресіне икемді келеді. «Қостанай таңының» спорт күндері оқушылар арасындағы күрес жарысымен түйінделді. Жарыстың бас төрешісі, спорт бапкері Нағашыбай Кәкімнің сөзінше, күрес үйірмесіне жиырмадан астам оқушы жазылған.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.38.06(1)
Газет жүлдесі екі салмақта өтті. 30 келіге дейінгі бәсекенің «түйе палуаны» Ердос Ерланұлы қарсыластарының бәрін «тазаға» түсірді. Ал одан ауыр салмақта Әли Сапарғали жеңімпаз атанды.
WhatsApp Image 2019-10-14 at 11.38.06
Осылайша, бірнеше күнге созылған «Қостанай таңының» спорт күндері мәреге жетті. Озық шыққан спортшылар мен білікті бапкерлердің алғысы мол.
 
Суреттерді  түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓