Ауылға газ келді

IMG_8677Қыс – қыр астында. Бүгінде, Алтынсарин ауданы бойынша бірнеше ауылға газ тартылып, көпшілік қарық болып жатыр. Красный Кордон, Щербаков ауылындағыларға көгілдір отынның келетін күні алыс емес. Көгілдір отын тоқтаусыз келу үшін мұнда бәрі сақадай сай тұр. Көптен күткен, әрі маңызды сәтке қол жеткізу үшін әр отбасы шамамен 300 мың теңгеге шығындалған. Газ тарту жобасы мұнда осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған болатын.
Осындай қуанышқа кенелген жанның бірі – Зухра Ибраева. Бүгінде зейнеткерлікке шыққан Зухра апай 44 жыл бойы осы ауданда тұрып келеді. Жұбайынан ерте айрылыған апай екі баласын жалғыз жеткізді. Еңбек етті. Енді қартайған шағында от жағып, отын тасу оңай емес. Сондықтан, газ тартылады дегенде ерекше қуанған еді.
– Әрине, пеш жағу қиын. Балалар газ өткізіп беріп жатыр. Қазір, міне, көріп отырсыздар құбырлар тартылуда. Жыл өткен сайын аудан көркейіп келеді. Қазір су бар. Енді көп ұзамай газ да болып қалар, – дейді зейнеткер.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН Бағдат Ахметбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓