“Отбасы – бақыт мекені”
Міне, осындай атпен Қостанай қалалық балалар шығармашылығы үйінде Отбасы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті.

– Биыл біз Отбасы мерекесін екінші рет тойлап отырмыз. Елбасымыз өзінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгіледі. Сондықтан, мықты отбасы – мықты мемлекет тірегі емес пе. Әдемілікті, жақсылықты, елге-жұртқа, Отанға деген сүйіспен-шілікті сезіну, адами қасиеттерді, рухани байлықтарды бойға сіңі-ру, ұлағатты ұлттық салт-дәстүр-ді, әдет-ғұрыпты, мәдениет пен тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – отбасында қалыптасады. Сол секілді бұл шараны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру" әлеуметтік маңызы бар жоба аясында ұйымдастырылу үстінде, – де-ді бізге профессор Л. Саркисян.
Салтанат мерекесін жүргізушілер сахна төріне облысымыздың әр ауданынан келген алты отбасыны шақырды. Солардың бірі, көтерген шаңырақтарының мерейін елу жыл бойы асырып келген Жомарт пен Раиса Жүргім-баевтар отбасылары. Оларды облыстық мәслихатының хатшысы С.Ещанов, "Нұр Отан" партия-сы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Сапарова құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, диплом мен сертификат тапсырды.
Сахнаға тоғыз бала тәрбиелеп-өсіріп отырған Төлегеновтар, жас та болса сүйкімді де өнерлі бес бала тәрбиелеген Ербол мен Ақжан Ипбергеновтар, еңбек өтілдері 140 жыл болатын рудныйлық Телициндар, денисовтық Сағадуллиндер, қостанайлық Әшірбаевтар отбасыларын шақырып, ілтипат пен құрметке бөледі. Бұл отбасылар өнерлі жандар екен. Барлығы да Отан, махаббат, ана туралы әндер шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Гүлназым
САҒИТОВА