Әділет департаментінде жаңа басшы
ҚР Әділет министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Қостанай облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Әкімдікте өткен аппарат жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы Әділет департаментінің жаңа басшысы Мейіржан Төлеповты таныстырды.
Мейіржан Шерманұлы 1981 туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмәмдаған, сондай-ақ халықаралық қатынастар магистрі. (Пенсильвания мемлекеттік университеті, АҚШ) Әр жылдарда ҚР Әділет министрлігі Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларын сараптау басқармасының бас сарапшысы, ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті, Төрелік талқылауларға дейінгі басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
Жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болды.