“Алтын қалам” иесі – Ақылбек Шаяхмет

"Жылдың ең үздік драматургиясы" аталымы бойынша "Ыбырайдың өсиеті" деп аталған пьесасымен біздің жерлесіміз Ақылбек Шаяхмет жеңімпаз атанды. Ол жылдың ең үздік драматургы деп танылды. Оқырмандардың есіне салатын жайт, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге арналған аталмыш пьеса орыс тіліне аударылған. Биылғы жылдың 10 қазанында ол Қостанайдағы орыс драма театры сахнасында қойылады. Спектакльде басты рольді Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының актері Қонысбек Бегайдаров ойнайды.
Сәлім
МЕҢДІБАЙ