Татулықты ту еткен 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғаны белгілі. Маңызы зор датаға орай облыста мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Астықты аймақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты насихаттауға арналған «ҚХА-20 игі іс» акциясына да қатысты. Мерекелі жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара бүгін Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өткен болатын. IMG_4774
IMG_4778Еліміздегі Қазақстан халқы  Ассамблеясының жылы биылғы 6-ақпанда ресми түрде бастау алды. Сол уақыттан бастап күні бүгінге дейін әр алуан акциялар, эстафеталар, экспедициялар және байқаулар өткізілді. Аталған іс-шараларға қостанайлықтар белсенді түрде қатысты. Оның жарқын үлгісі, жерлестеріміздің байқаудағы жетістіктері болса керек. IMG_4814Мәселен, «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редактор-жүргізушісі Алла Гаврина «Тіл татулық тірегі» республикалық байқауында 1 орын алды. «Янтарь» этномәдени орталығының төрағасы Сергей Якушевич «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» байқауында 2-орынға ие болды. Республикалық байқауларда бәйге алған жеңімпаздардың қатары қалың. 
 
IMG_4953-Биыл – бірлік пен татулықты паш еткен жыл болды. Ассамблея жылының мақсаты -этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі бірлік пен татулықтың жарқын үлгісі іспеттес,-деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев. IMG_4932
Салтанатты іс-шарада Қазақстан халқының ұлттық бірлігін насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Ресей Федерациясынан арнайы келген меймандар да сөз алды.IMG_4972 Көрші елден келген меймандар Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Жүндібаевқа Қорған облысы губернаторының құттықтау хатын табыстады. Науырзым ауданының Құрметті азаматы Өмірзақ Ихтиляпов Челябі және Қорған облыстары мұсылмандарының аумақтық діни басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.IMG_5000Аталмыш іс-шара облысымыздағы үздік өнер ұжымдары қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. IMG_4787
 
 
IMG_4896
 

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерде: салтанатты іс-шарадан көріністер;
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓