Көкірек көзі ояу болса…

GLP-2Жақсыбай Тасқынбаев,
зейнеткер.
Мен "Қостанай таңы" газетін елу жылдан астам уақыт бойы жаздырып алып, оқып келемін. Өзім ауыл шаруашылығы маманымын, ұзақ жылдар бойы кеңшардың бас зоотехнигі, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып, қызмет еттім. Бүгіндер жасымыз жетпістен асты, Құдайға шүкір, ұл-қыздарым өсті, солардың қолқалауымен Қостанай қаласына көшіп келгеніме де жиырма жылдай уақыт өтті. Қаладағы 7, 8, 9 шағын аудандарда тұратын қазақ отбасылары аз емес, бір байқағаным, солардың көпшілігі об- лыста шығатын жалғыз қазақ газетін  жаздырып алмайды, оқы-майды. "Біз жаңалықты теледидардан білеміз" деседі.
Бірақ газеттің орны мүлде бас-қа екенін түсіне бермейді. Бүгінгі "Қостанай таңынан" іздегеніңді табасың. Тіпті, газеттегі құттық- таулар мен еске алулардың өзі біз сияқты қарт адамдарға ерекше ақпарат көзі. Кезінде қызметтес болған әріптестерің мен таныс білістеріңнің өміріндегі жаңалықтар мен өкініштерді де сол жа- рияланымдардан біліп жатамыз, қуанышына ортақтасып, қайғысын бөлісесің.
Өзім осы "Қостанай таңында" талай мақалалар жарияладым. Оларда шама-шарқымша өмірлік тәжірибемді ортаға салдым. Сол дүниелеріме ой қосып, дамытып әкеткен жандар да аз болған жоқ. Сондай ой-толғамдарымды осы газет редакциясындағы азаматтардың көмегімен кітап етіп бастырдым. Осы  "Қимас көңіл" атты туындым өзіме ерекше ыстық. Әрине, мен оны жазушы болайын, атымды шығарайын деп емес, кейінгі жастарға  сабақ болсын, ұрпағыма  қалдырған өсиет-өнегім болсын деп жаздым. Солардың біразын оқырманға жет-кізген "Қостанай таңына" ризашылығым мен алғысым ерекше.
Бүгінгі "Қостанай таңы" 11 мыңдай таралыммен тарайды. Мұны облыстағы 341411 қазаққа шаққанға әрбір 31 адамға бір газеттен келеді екен. Ал, әрбір оныншы қандасымыз өз газетін жаздырып алса, көрсеткіш үш есе өсіп, отыз мыңның сыртына шығар еді.
Әрине, мен көптеген жамағаттың ана тілінен мақұрым, шорқақ екенін жақсы білемін. Бірақ тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып отырған жағдайда біз алға осы мәселені қоюға тиіспіз деп ойлаймын. Бүгін болмаса да ертең сол белеске жетуге әбден болады, тек әрбір қазақтың ұлттық рухы мен көкірек көзі ояу болса болғаны.
Қостанай қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓