Челленджден шет қалмады
Үкімет мүшелері бастаған «Бірге – Таза Қазақстан» республикалық эко-челленджін рудныйлық кеншілер де қолдады.
«ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиевтың қатысуымен ұжымның 420 қызметкері Тобыл өзенінің жағалау аумағын тазартуға шықты. Бұл жерлер соңғы рет осыдан екі ай бұрын халықаралық экологиялық акция аясында ретке келтіріліп, нәтижесінде 55 тонна қоқыс жиналған болатын. Енді міне, санаулы күндер өтсе де, өзен жағалауы күл-қоқыстан көз сүрінеді.
«Экологиялық десант» алдын ала белгіленген үш нүктеге: орталық саябақ, интернат пен ескі жағалауға жиналды. Мұнда жар-қын түсті футболка, ауыз сумен және қоқыс пакеттерімен «қаруланған» олар өз істеріне кірісіп кетті. Барлық еріктілер берілген аумағын екі-үш реттен тінтіп өтіп, темекінің тұқылын да қалдырмай жинады. Осылайша небары екі сағат ішінде 4 шақырымдық жағалау сызығы тазартылып, арнайы техниканың көмегімен полигонға 26 текше метр қоқыс шығарылды.
– Өкінішке орай, қала тұрғындары табиғат аясында демалуды жақсы көргенімен, тазалық сақтауға келгенде салғырттық танытып отыр. Тоғайдың ішін-де төбешік боп жатқан полиэтилен пакеттер мен плас-тик бөтелкелерді сырттан біреу әкеліп тастаған жоқ. Тазалық төрден емес, табалдырықтан басталады емес пе? Осындай сенбіліктерге бір рет болсын шыққан азаматтар көрін-ген жерге қоқыс тастамасы анық. Сол себепті жерлестерімді өзгенің еңбегін бағалап, сүйікті Тобыл өзенін таза ұстауға шақырамын, – дейді кәсіпорын жастарының көшбасшысы Әділ Ағайсин.
Куаныш ЕСҚАБЫЛ