Жер астындағы батыр

Қостанай өңірінде саналы ғұмырын кен өндіру ісіне арнап, абыройға бөленіп отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі – «ССКӨБ» АҚ еңбек ардагері, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелігісінің иегері Төлеубай Қарбаев.1Төлеубай аға Федоров ауданы, Кеңарал ауылының тумасы. Қосаралдағы сегізжылдық мектепті бітірген соң Қостанайдың Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында білімін жалғастырады. 1972-1974 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген жас жігіт көп ұзамай Рудный қаласына қоныс аударады.
– 1975 жылда «Соколов» шахтасының ашылуына орай 9 айлық оқыту курстары басталды. Сондықтан өзім қатарлы жастар секілді мен де шахтер мамандығын меңгеріп алдым. Осылайша 1978 жылы комбинаттың жер асты кенішіне қазушы болып жұмысқа орналастым, – дейді еңбек ардагері.
Төлеубай Қарбайұлы бұрғылаушы, кен шебері де болды. Бірақ 1996 жылы шахтаның электровозына отырған маман көптен бері іздегенін тапқандай болды.
– Ұлы Қытай философы Конфуций: «Жаның қалайтын істі табыңыз, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз» деген екен. Маған өз жұмысым қатты ұнайды. Өмір тағы да бір мүмкіндік берсе, еш ойланбастан қайтадан шахтер болатын таңдар едім, – дейді ол.ZFV_0835
Төлеубай аға электровозбен күніне 4-5 рейс жасап, қазып алынған кенді ұсақтау учаскесіне алып барады. Тіркелген 9 вагонның сыйымдылығы 120-130 тонна. Яғни, бір ауысымда әр машинст 600-700 тонна жүк тасиды. Шахтада күні-түні тынбай осындай 50 шақты электровоз жұмыс істейтінін ескерсек, кәсіпорынның еңбек өнімділігі тікелей осы кәсіп иелеріне байланысты екенін аңғарамыз.
Жауапты қызметті еш мүлткісіз атқарып келе жатқан комбинат ардагері өзінің білген-түйгенін артынан ерген жастарға үйретуден еш тайынған емес. Ол тәрбиелеген шәкірттер – бүгінде кен алыбының абыройлы мамандарына айналған.
Міне, отбасында адал жар, қамқор әке бола білген өндірістің бүгінгі батыры осындай! Ол жер астында аянбай еңбек етіп, сол арқылы еліміз бен аймақтың өнеркәсіптік, индустриялдық қуатын арттырып, шахтер даңқын аспандатып жүр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓