Жеміс-жидектен жолақыға дейін
Тұрмысы төмен отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке кіретін заттардың тізімі жасалды.Бұл – 1-ден 18 жасқа дейінгі баласы бар аз қамтылған отбасының әрбір баласына берілетін көмек. Көмек пакеті шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларға беріледі. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға оқу жылы алдында беріледі. 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет ай сайын азық-түлік жиынтығы және тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы түрінде ұсынылады. Азық-түлік түзімі Үкімет қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, тағамдық және энергетикалық құндылығы ескеріле отырып жасалған. Әлеуметтік пакет құрамында анемия, рахит, дисбактериоздың алдын алу үшін кальций және басқа микроэлементтермен байытылған дәрумен, пробиотиктері бар әртүрлі (сүт, көкөніс, жеміс) өнімдер енген. Орта білім беретін ұйымда оқитын 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:
1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;
3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.