Жаңарған аймақ, жайлы қоныс Бүгін Алтынсарин ауданында “Қостанай таңының” күндері басталады
Алтынсарин ауданы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы жақсы дамыған аудандардың бірі. Облыс орталығымен іргелес жатқан өңірдің әлеуеті көтеріліп, экономикасы айтарлықтай жетілдіріліп келеді. Соңғы жылдар ішінде біраз шаруа тындырылған көрінеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өндірілген ішкі аймақтық өнімнің пайызы да арта түскен. Өңірдің тізгінін ұстап отырған аудан әкімі Батырбек Ахметов осы аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сөз қозғап, алтынсариндіктердің өмірімен өзіміз де танысып қайтқан едік.
– Батырбек Мықансалық-ұлы, бүгінде аудан несімен мақтана алады. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қалай?
– Бүгінгі күні облыс бойынша үздік аудандардың қатарында-мыз. Енді сол тірліктің тығырыққа тірелмей, дамуын қамтамасыз етуіміз шарт. Үдемелі индустрия-лық-инновациялық даму мем-лекеттік бағдарламасы аясында бірнеше жоба бүгінде қарқын алуда. Силантьев ауылында "Обаған құс" ЖШС құс фабри-касы салынуда. Күніне 1 млн. жұ-мыртқа өндіретін өндіріс орны-ның үш құс қорасының құрылы-сы биылғы жылдың аяғына дейін аяқталмақ. Бұл жобаны индуст-рияландыру картасына енгізу ойымызда бар. Сонымен қатар Щербаков селолық округінде 3 гектар жерге заманауи көкөніс қоймасын салуды жоспар-лап отырмыз. Осының бар-лығы жүзеге асып жатса үл-кен еңбектің нәтижесі бол-мақ. Әйтсе де, мұнымен шек-телмеуіміз қажет. Ауданда қазіргі уақытта "Ақбұлақ" бағдар-ламасы аясында су тартылып, көгілдір отын енгізілуде. Малды асылдандыру бағытында да тиянақты істер жетерлік. Ауданда ірі қара мал өсіретін 8 шаруа-шылық бар. "Сыбаға" бағдарла-масы аясында 540 ірі қара мал, "Алтын асық" бойынша 500 бас қой алуды көздеп отырмыз. Биылғы жылы 230 ірі қара мал алып, 95 басқа өтініш беріп отырмыз. Ауыл шаруашылығы бойынша нақты көлемдік индекс 120% құрайды. 946 млн. 400 мың теңгеге өнеркәсіп тауарын шы-ғарған екенбіз. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 97,4 млн. көп. Атвокөлік жолдарын қол-дану және ағымды жөндеуге "Зуев-Танабай-Воробьев" (15,8-34-км) келісім шарттың жалпы соммасы – 19 млн. теңге, ал 2014 жылға 14 млн. теңге бөлінді. Ал, 2015 жылға 4 млн. теңге жоспар-ланып отыр.
Новоалексеев селосының кіре берісіне 0-10,3 шақырға орташа жөндеу жүргізілді, келісім шарт-тың жалпы соммасы 79 млн. тең-ге, 2013 жылы 60 млн. теңге игерліді. 2014 жылға 19 млн. теңге бөлінді. Бүгінде ауданда түрлі істер жүзеге асып жатыр. Бұлардың қай-қайсысы болма-сын ауданның әлеуетін арт-тыруға септігін тигізетіні белгілі.