Жаңғырған білім ошақтары

IMG_8642Щербаков орта мектебі толық жөндеуден өтті. Бұған биылғы жылы  ғана 15 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Бүгінде 283 бала білім алып жатқан мектептің іші-сырты өзгерген.
– Мектепке облыс әкімінің тапсырмасымен 3 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған барлығы  30 млн. 91мың 500  теңге  қаражат кәсіпкер-лердің  қатысуымен бөлінді. Оқу ошағының сырты жаңар-тылып, терезелері түгелімен ауыстырылды. Асхана іші жар-қырап тұр. Енді, жаңа жиһаздар аламыз деп отырмыз. Бұрын салқын болды. Жылыту жүйесі жаңартылды. Енді автономды көгілдір отынмен жылытылатын болады. Оның сыртында жергілікті "Темте" ЖШС де өз көмегін беріп келеді, – дейді білім ошағын үш жылдан бері басқарып келе жатқан Гүлнар Қуаншықлиева.
Осы сияқты аудандағы Обаған орта мектебінде "Жұмыспен қамту –  2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 164 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Новониколаев және Свердлов орта мектептеріне де 2 млн. теңге бөлініп, жөндеу жүргізілді. Красный Кордон ауылында "Аққайың" бала-бақшасы 7 млн. теңгеге қайта жөндеуден  өтіп, қосымша  20 балаға  құшағын ашып  мектепке дейінгі балаларды қамту 98,1%.-ға жетті. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓