Айналайын, “Ақбұлақ”
Аталған ауданда су мәселесі қиындығын туғызып келгені рас. Бұрынғы су құбырлары түгелімен ескі еді. Тұрғындар күнделікті ауыз суды "Обаған су" жеке фирмасынан сатып алып отыр-ды. Енді, ол күндер артта қалды. Обаған, Силантьев, Щербаков ауылдарының халқын ауыз су-мен қамтамасыз етуге арналған су құбырының құрылысы "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бұл салаға респуб-ликалық және облыстық бюджеттен 1 439 289,6 мың теңге бөлінді. Бүгінде соның 68 пайызы игерілді. Биылғы жылы Большая Чураковка ауылы кезекте тұр. Тұрғындар үйлеріне суды өздері кіргізіп алады. Қазіргі күні нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүруде.
"Пластстандарт" ЖШС бұл іспен екінші жыл айналысып жатыр. Учаске басшысы Айдар Абзалұлы: "Бүгінде 500-600 құдық қаздық. Орынкөл жерінде 140 метрлік үш скважина қазыл-ды. Бұл 50 жылға жарамды. Бүгінгі күні М Чураков селосына су бере бастадық. Жұмыстар ретімен атқарылып келеді", дейді.